Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі таңда аса қажетті, қат мамандықтар көшін техникалық мамандықтар бастап тұр. Бұл салаға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жыл сайын артып, ерекше көңіл бөлініп жатқанынын көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Біздің кейіпкеріміз Серік Букубаев. Өзінің икемі мен қарым-қабілетіне қарай дәнекерлеуші мамандығын таңдап, бүгінгі күні әкесі Тілебалды екеуі бұл салада жемісті жұмыс атқарып отыр. Бұл мамандық барлық кәсіпорындарда қажет. Себебі, дәне-керлеушілер үлкен темір бөлшектерді бір-біріне жалғап, болат құбырларды біріктіреді. Әрине, тігістің сапасы олардың тиянақтылығы мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан, барынша қателік жібермеуге тырысу қажет.


- Кішкентайымнан темір-терсекке үйір болып өстім. Темір қиындыларынан түрлі нәрселер жасаудың шебері едім. Осы салада жұмыс істеп келе жатқаныма алты жылдан асты. Ыстық-суығына шыдап, төселіп қалдым, - деп дәнекерлеуші жігіт бұл салаға қалай келгендігі туралы айтып берді. Бүгінде кәсіптік лицейлерге баруға көп жастардың талпынып жүргені жасырын емес. Қажеттілік туындатып отырған мамандықтардың бірін жетік меңгере білсең, көпке көмегің тиері анық. Дәнекерлеуші Серіктің сөзінен де осыны аңғардық.
- Дәнекерлеуші мамандығын таңдағаныма қуанамын. Бұл мамандықты әкем Тілебалдыдан 22 жасымнан бастап үйрендім. Қазір ұсақ-түйек тірліктерін айтып, қолқа салатындар да көп. Сынған дүниелерін бүтіндеп, қолдан келген көмегімді аямаймын. Мен көбіне үй жылытуға қажет қазандықтар жасаймын және тиісінше еңбекақымды да аламын. Осы күнге дейін жұмыс болмай, қол қусырып үйде отырған күнім болған емес, - дейді Серік. Одан мамандығының қиындығы туралы сұрап, сөзге тартқанымызда, аз-кем мүдіріп қалған жігіт: «Біздің жұмыс қауіп-қатерге толы. Дегенмен, өз мамандығыма деген жауапкершілігім, сүйіспеншілігім бар үрейден, қорқыныштан арылтып, жігерімді жанып отырады», – деген жауап алдық.
Шыны керек мамандықтың оңайы жоқ. Әр мамандықтың өзіне тән қиыншылығы мен қызығы бар екені бесенеден белгілі. Сол себепті, жастардың мамандық таңдауда ойын әбден таразылап, қолынан келетін істің тізгінін ұстағаны абзал. Ал, жұмысына шебер, ісі тындырымды Серіктей азаматқа қандай мақтау айтса да жарасады.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз