Шаруашылық басында негізінен 7 жұмысшы бар. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары маусымдық жұмыстарға тартылып, еңбегінің өтемін алып тұрады. Сапалы жұмыстың кепілі – техника саны 8. Ортақ кәсіпке бел шешіп, бірге кіріскен шаруа қожалығы егін егу науқанын алғашқы аяқтаған үздіктердің қатарында.
«Туған ауылымыздың тағдырына алаңдайтын жан сырттан келмейді ғой. Оның игілігін біз ойламағанда, кім ойлайды?! Ауыл – біздікі, сол себепті, істеп жатқан ісімізді, қолымыздан келгенінше көрсетіп жатқан демеуімізді ауылымыздың ырыс-сандығына қосқан үлесіміз деп есептейміз» - деп ағынан жарылды Сәулебек Ырысханұлы.
Ақкөңіл басшы өз істеріне адал әрі тиянақты қызметкерлеріне алғы-сы шексіз екенін жеткізді. Олар И.Шмальц, А.Шмальц, А.Стариков, П.Шилек, Ж.Кәрімо, Р.Дүсіпов. Сонымен қатар, ұжымның құрметтілері, тәжірибелі қызметкерлері В.Жмурин мен Қ.Бүгебаевқа жас жұмысшыларға шаруашылықтың қыр-сырын түсіндіріп, барлығының кеңесшісі болып отырғанын айтты.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.