- Әр күнін еңбекке деген құлшыныспен бастаған жанның ісі ғана оңға басады, - деп бастады сөзін «Күнғожа» ШҚ басшысы Мәмбет Базылғазыұлы. – Ертеңгі күннің қамын бүгін ойлау есті адамның ісі. Келешегінен үміті бар жан білегін түріп, белін буып жұмысқа кіріседі. Бұл тек бір адамның жеке ойы емес, бүкіл ұжымның атынан айтылған сөз еді. Бізге мойын бұрмастан, жұмыстан бас алмаған еңбеккерлердің қарқынынан осыны байқадық.
Қарамағында 3 жұмысшысы бар қожалықтың негізі 1998 жылы қаланған. Ата кәсіпті жалғастырып келе жатқан ұйым жылқы және қой малын өсірумен айналысады. Сонымен бірге, 200 гектар жерге дәнді дақыл егіп, өсімдік шаруашылығынан да айтарлықтай нәтиже күтіп отырғандарын жасырмады. Аталған жұмыстарды жасау үшін 3 техника жұмыс істеп тұр.
Табыстың мөлшері жұмыс күшінің сапалы болуынан екенін білетін Мәмбет Күнғожин еңбекқор жұмысшыларына қо-лайлы жағдай жасап, еңбегіне сай төлемін уақытылы төлеп тұрады. Зейнетақы аударымы да бар. Осы шаруа қожалығында еңбек етіп, берілген міндетті адал атқа-рып жүрген М.Жұбышев, Н.Толмачев, Д.Сәтімбаев бірігіп жасаған қадам берекеге әкелетінін айтып, жұмыстарына дән риза екендіктерін жеткізді.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.