Самар ауылындағы Қоғамдық келісім орта-лығында Самар ауылдық округі әкімшілігімен және №2 сот кеңсесімен бірлескен «Дөңгелек үстел» отырысы өтті. Отырысқа қоғамдық ұйымдар өкілдері, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкімшілігінің, №2 сот қызметкерлері қатысты.Бұл отырыстың бірінші бөлімі «Болашақ үшін қажет» атты Сая-си қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналды.
Жиналғандарға «1930-1950 жылдары Қазақстанға депортацияланған ұлттар» атты бейнефильм көрсетілді. Сондай-ақ, кітапханашылар Смағұл Елубайдың «Ақбоз үй», Нұрлан Дулатбековтың «КарЛаг» атты екі томдық кітабын ұсынды. Сонымен бірге басқа да кітаптар мен құжаттар жинағы көрсетілді.
Посткеңестік кеңістікте Қазақстан репрессия кезінде жазықсыз жапа шеккен халықтардың өкілдерінің құрбан болғандарын ұмытпау үшін осы 31 мамырды белгіледі. Жыл сайын тек ауыл-дар мен аудандарда ғана емес, ірі қалаларда түрлі шаралар өткізіліп, саяси қуғын-сүргін және ашаршылықта қайтыс болған адамдарды еске алып, мешіттерде олардың аруғына құран бағышталады.
«Дөңгелек үстел» отырысының екінші бөлімінде судья А.Танабаева медиацияның пайдасы мен Заңның Самар ауылдық округінде қалай жүзеге асырылып отырғаны туралы айтты. Түрлі нақты мысалдар келтіріліп, осы қоғамдық келісім орталығында ашылған медиация кабинетінің жұмысын жандандыру туралы нақты ұсыныстарын жеткізді.
Отырысқа қатысушылар да өздерінің тараптарынан пікірлерін білдіріп, алдағы күні қылмыстың алдын алу мен қоғамдық орындардағы тыныштықты сақтауда орталықтың атқарар жұмысының маңызын атап өтті.
Клара НҰРПЕЙІСОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.