Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2016 жылғы 30 мамырда Т.Қ.Жұмағұловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында, «Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының м.а. С.А.Поповтың облыстық денсаулық сақтау басқармасында және оған қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы есебі тындалды. Өз есебінде С.А.Попов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасымен атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық мәлімет берді.


ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері Департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы А.С.Қармановоблыстық денсаулық сақтау басқармасында және оған қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан шараларға Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығымен жүргізілген талдау қорытындысымен Кеңес мүшелерін таныстырды. Талдау қорытындысы бойынша, өкілетті органның (ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері Департаменті) жазбаша тапсырмасына қарамастан, денсаулық сақтау басқармасымен 2016 жылғы 1 тоқсандағы қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілмегені, сәйкесінше нәтижесі денсаулық сақтау басқармасының ресми интернет-ресурсында орналастырылмағаны анықталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында (Өскемен қ., Гоголь көшесі, 36) мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға қажетті жағдайлар жасалмаған (пандус орнатылмаған, мамандарды шақырту тетігі жоқ), бұл өз кезегінде ҚР «Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағының 2 тармақшасын бұзу болып табылады. Қазіргі уақытқа дейін ШҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңестің 2016 жылғы 26 ақпандағы шешімінің орындалуы бойынша, яғни басқармадағы әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға жайында мәліметті жариялау туралы ақпарат ұсынылмаған. Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасында және оған қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын-алу бойынша жұмыс тиісті деңгейде жүргізілмейді. Атап айтсақ, 2015 жылы ШҚО тәртіптік кеңесінің ұсынымы бойынша (2015ж. 14 сәуірдегі №4 шешім) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін Тарбағатай ауданаралық ауруханасының бас дәрігері К.Н.Дүйсебаев атқарып отырған лауазымынан босатылған болатын. Ағымдағы жылы, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты, ҚР ҚК 361 және 366 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Денсаулық сақтау басқармасында белең алған тағы бір теріс тәжірибе, тағайындалған тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау – өз кезегінде қызметтік этика талаптарын қатаң сақтауға кері әсерін тигізуде.
Мәселені қарау нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңес Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметовке денсаулық сақтау саласындағы істердің жағдайы туралы ақпараттық хат жолдау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, «Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының м.а. С.А.Поповқа ШҚО тәртіптік кеңесі мен ШҚО Әдеп жөніндегі кеңесінің бұрын шығарылған шешімдерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы уәкілетті органның тапсырмаларын бірнеше рет орындамағаны үшін, яғни өзінің қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамай, салғырт қарағаны үшін сәйкесінше лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарау ұсынылды. Сондай-ақ, Әдеп кодексінің және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қызмет көрсету салаларындағы заңнамалардың талаптарын қатаң түрде орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдау; облыстық денсаулық сақтау басқармасына және оған қарасты мекемелергеқатысты электронды БАҚ-да және баспақұралдарда жарияланған сыни ескертпелерге жедел көңіл аудару, сонымен қатар ондай сыни мақалалардың жариялануына себеп болатын жағдарларды жою ұсынылды.
Уәкілетті органмен және мемлекеттік мекемелермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы М.С.Қожахметов және Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.А.Шурманов баяндама жасады.
Баяндамаларды тындай және талқылай келе, Кеңес мүшелері бірқатар ұсынымдар енгізді, сонымен қатар Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасымен бірлесе Өскемен қаласы әкімдігі жанындағы Жастар орталығының «Білім беру ұйымдары – сыбайлас жемқорлықтан ада аумақтар» атты қалалық қозғалысы, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықтан ада мектеп» жыл сайынғы акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстарын, білім беру ұйымдарында (мектепке дейінгі білім беру мекемелері, мектептер мен колледждер) бірыңғай тәрбие беру концепциясын қалыптастыру мақсатында тарату ұсынылды.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы «Курчатов қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы А.Ж.Ұлықпановаға қатысты тәртіптік іс қаралды. Тәртіптік іс «Курчатов қаласының №1 орта жалпы білім беру мектебі» КММ қызметкерлері А.С.Османова мен М.Т.Тайғаранованың арыздарына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері Департаментімен жүргізілген жоспардан тыс тексеру актісі негізінде қозғалған. Тексеру барысында, А.Ж.Ұлықпанова өзіне бағынышты азаматтармен қарым-қатынас жасау барысында этика талаптарына қайшы әрекеттерге орын бергені анықталды.
Тәртіптік істі қарау нәтижесінде, ШҚО Курчатов қаласы әкіміне: ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 44 бабының 3 тармағының 3 тармақшасына сәйкес «Курчатов қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы А.Ж.Ұлықпанованы қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту; Курчатов қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғасына (Сүлейменов З.М.) мемлекеттік қызметшілермен қызметтік этика нормаларын сақтауды қамтамасыз ету бойынша оған жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны туралы ескерту; Курчатов қаласының мемлекеттік органдары, мекемелері мен ұйымдарында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз әрі қатаң орындау жөнінде жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
Кеңес отырысының соңында, 2016 жылғы 29 наурыздағы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдерінің орындалуына қатысты мәселе қаралды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің ШҚО бойынша Департаментінің баспасөз қызметі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз