Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрметті мұсылман бауырлар, көк-пектіліктер! Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді мүбәрак Рамазан айының келуімен құттықтаймын!

Рамазан - он екі айдың сұлтаны, бе-рекелі де кешірімі мол ай. Күнделікті тір-шілік қамымен жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады. Өйткені, ораза адамды тақуалыққа тәрбиелейді. Сабырлылық, қайырымдылық, мейірімділік, бауырмалдық секілді адамды асыл қасиеттер артып, иман күшейеді. Адамның иманы күшейген сайын арсыздықтан арыла бастайды. Рамазан Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтын есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген ай. Бұл - Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі.

 

Қадірлі ағайын! Шарапаты мен шапағаты мол айда күнәлі істерден бас тартып, сауап жинауға, ішкі дүниемізді тазартуға, Жаратушының разылығына бө-ленуге асығайық!
Мейірімділік, кешірімділік, игілік, иман-дылық һәм адамгершілік құндылықтар салтанат құрған қоғамның қанша да болашағы баянды, келешегі кемел.
Қымбатты жерлестер! Рамазан айында жасалған амалдарымыз бен ізгі ниет-терімізді АллаТағала қабыл етсін! Әумин!

Кенжебек Ахметқалиев,
Көкпекті орталық
мешіті бас имамы

 

ДІН - НАСИХАТ

Рухани құндылықтарға мейлінше бай Ислам дінінің ізгілікке толы інжу-мар-жандарын елге жеткізуді көздейтін бұл жинақта Бас мүфтидің бастамасымен ҚМДБ өкілдерінің арнайы осы жинақ үшін жазған жаңа уағыздары топтастырылып отыр. Әдістемелік құрал дін қызметіндегі имандарға, білім-тәрбие саласының қызметкерлеріне және жалпы мұсылман жұртшылығына арналған.

ИСЛАМ ЖАУҺАРЛАРЫ

Адам баласының ең үлкен байлығы-құдіретті бір Жаратқанға деген иманы. Қолдарыңыздағы енбек иманы кәміл баба-ларымыздың баға жетпес асыл мұрасы.
Ғасырлар Қойнауынан жетіп бүгінгі тәуелсіз елдің ұландарын ізгілік пен ту-ралыққа шақырған ортағасырлық бұл мәтіндер-ұлттық руханиятымыздың темір-қазығындай.
Кітапта Х-ХVII ғғ.аралығындағы Қара-Һандықтар, Алтын Орда және Қазақ хандығы дәуірлерінде жазылған діни-танымдылық, діни-сопылық, діни-канондық және діни-ғибраттық туындылардың озақ үлгілері жинақталған.
Кітап - дінтанушыларға, гуманитарлық сала мамандарына, студенттер мен зерт-теушілерге, иман байлығына барлық құн-дылықтан биік санайтын барша оқырман қауымға арналған.

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз