Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жер бетіндегі табиғи және техногендік апаттардың ішіндегі ең ауыр апат саналатын Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыс осыдан 30 жыл бұрын болса да әлі күнге зардабы орасан болып отыр. Бүгінгі күні қатарымызда жүрген Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан азаматтар өздерінің қандай күй кешкендерін жаңа ғана тілге тиек етіп, қаншама құпияның беті ашылып жатыр.


Биылғы 30 жылдық мерейтойға орай Самар өңірінде құрылып, жұмыс істеп тұрған чернобыльдық жауынгерлер ұйымы бірқатар шара өткізді. Соның ішіндегі ең бастысы, Көкжыра ауылында тұрған, апатты жоюға алғашқылардың бірі болып аттанған, небәрі екі айдан кейін оралып, бес айдан соң сәулеленуден қайтыс болған Марат Жамангутовқа Чернобыльдықтардың облыстық ұйымының ұйымдастыруымен «Чернобыль Батыры» медалін тапсыру шарасы болды. Амангелді орта мектебінде өткен бұл шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Нұғыбаев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Саржанов, ҰОС және еңбек ардагерлерінің аудандық кеңесі төрағасының орынбасары Н.Шалова, чернобыльдықтар ұйымының төрағасы Қ.Қаймолдинов қатысты.
Салтанатты жағдайда өткен шараға арнайы шақырылған Мараттың апайы Г.Жамангутоваға жастай қыршын кеткен інісінің атына келген медаль табысталды. Жиын барысында Чернобыль апаты туралы деректі фильм көрсетіліп, Мараттың бала кезінен бастап, жауынгерлік жолы туралы слайд көрсетілді. Амангелді орта мектебінің оқушысы Жанар Қабдікерім өзінің арнауын оқыды.
Тәрбиелік мәні зор шараның соңында ауылдастарының ерлігі кеш те болса еленіп, арнайы тапсырылған марапат мектептің мұражайына табысталды.
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз