Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

03 Маусым 2024

ОБЛЫСТЫҚ ДОСТЫҚ ҮЙІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА

29 мамыр күні қоғамдық келісім орталығы - облыстық Достық үйі қызметкерлері мен қоғамдық институттың өкілдерінің ұйымдастыруымен аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты лекторийі өтті. Шараға  аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Теміржанов, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. 

Лекторийда қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйінің директоры Надежда Шарова, ҚХА құрылымдарымен, этномәдени бірлестіктермен, қалалық және аудандық Достық үйлерімен жұмыс жасау бөлім басшысы Сания Жақсылықова, ғылыми-сараптамалық, ақпараттық, талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің әдіскерлері Әлем Қажығұмарқызы және Шынар Берікқызы тақырып аясында сөз қозғады.

Read more

ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕРГЕ «АРЛАН» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

27 мамыр күні  ауданымызда  «Арлан» шығармашылық орталығының салтанатты ашылуы өтті. Оған арнайы шақырылған  қонақтар, еңбек ардагерлері, орталықтың ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Ашылу салтанаты аясында еңбек ардагерлері және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Рауия Наурызбаева мен Гүлбаран Ақшабаева, ардагер ұстаз Сәуле Бекова, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Саржанов, және ата-ана Гүлжиян Сәрсенбаева қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Орталықтың тәрбиеленушілері қонақтарға әннен шашу шашты. Мекеменің ашылуында қызыл лентаны қию құрметі Сәуле Байтілеуқызы мен Әлібек Түсіппекұлына берілді.
Шығармашылық орталығының директоры Маржан Ерболатқызы өрендер орталығымен таныстырды.

Read more

АҚ ЖОЛ САҒАН, ЖАС ТҮЛЕК!

Ауданымызда биылғы оқу жылында 11 сыныпты 129 түлек аяқтады. 25 мамыр күні ауданның барлық білім беру мекемелерінде соңғы қоңырау соғылды. Аяулы мектебімен қимай қоштасқан жас түлектер үлкен өмірге нық сеніммен қадам басты.

Біздің ауданда барлығы 18 жалпы білім беретін мектеп бар, онда 2271 бала оқиды.
2023-2024 оқу жылын 11 сыныптың 129 түлегі аяқтады, оның 12-сі "Алтын белгі" төсбелгісінің және 12-сі ерекше үлгідегі аттестат иегерлері атанды. Сондай - ақ биылғы жылы 217 түлек 9 сыныпты бітірді, оның 42-сі ерекше үлгідегі аттестат иегерлері.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз