Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

29 мамыр күні қоғамдық келісім орталығы - облыстық Достық үйі қызметкерлері мен қоғамдық институттың өкілдерінің ұйымдастыруымен аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты лекторийі өтті. Шараға  аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Теміржанов, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. 

Лекторийда қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйінің директоры Надежда Шарова, ҚХА құрылымдарымен, этномәдени бірлестіктермен, қалалық және аудандық Достық үйлерімен жұмыс жасау бөлім басшысы Сания Жақсылықова, ғылыми-сараптамалық, ақпараттық, талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің әдіскерлері Әлем Қажығұмарқызы және Шынар Берікқызы тақырып аясында сөз қозғады.


Сонымен қатар Қазақстан халқы ассамблясының рөлі туралы, этномедиация тақырыбы жайлы баяндама оқыды.
Іс-шара соңында алапат су тасқыны кезінде көмек көрсетіп, қол ұшын созған бірқатар азаматтар мен азаматшалар Абай облысының ішкі саясат басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Бұл тізімде ауданымыздың жеке кәсіпкерлері Руслан Ибрагимов,Төлеухан Ахмадиев, Жанат Ибрагимов, Қанат Тлебалдин, жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Гүлімай Мырзаханова, аудандық полиция бөлімінің аға лейтенанты Алдияр Кабсадыков болды.
Өздеріңізге белгілі 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Ақ бауырсақ – 2024 » ұлттық тағамдар фестивалі өткен болатын. Са-йыс қорытындысы бойынша аудандық білім бөлімінің қызметкері Айгерім Аханқызы өз туындысын қорғап шығып, «Заманауи бауырсақтар» номинициясымен марапатталды.
Барлық жерлестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!
Дәл осы күні ардагерлер үйінде қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі қызметкерлері мен қоғамдық институттың өкілдерінің ұйымдастыруымен Этномедиация тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарға аудан әкімі аппаратының заң бөлімі қызметкері, ауылдық округ әкімінің аппараты, Көкпекті және Ж.Шайжүнісов орта мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Көкпекті аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, әлеуметтік педагог, Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері, ауылдық округтердегі мектеп ұстаздары қатысты.
Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі. Ал медиатор– берілген жанжалға мүдделі емес, тәуелсіз, нейтралды үшінші жақтың тарапы бола отырып, жанжалдасушы жақтарға бар дауды шешуге көмектесетін адам немесе адамдар тобы.
Шарада Абай облысының халықаралық құқық қорғау орталығының басшысы, кәсіби медиатор Шапиев Махат Жұмашұлы медиация институтын ұйымдастыру туралы толық ақпарат айтты. Семинар-тренингте этносаралық қақтығыстардың алдын алу және реттеу, жанжалдағы тараптардың талабы мен мүдделерін анықтау мәселелері талқыланды.
Келген қонақтар көптеген сауалдар қойып, тұшымды жауап алды.
Бүгінгі күні медиацияның қоғамда алар орны ерекше. Себебі, мәселені екі тарапты ешқандай дау-дамайсыз шешу бұл үлкен жетістік ,- дейді кәсіби медиатор.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз