Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Наурыз 2024

19 Наурыз 2024

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ БИЫЛ 10 КҮН ТОЙЛАНАДЫ

13 наурыз күні Көкпекті аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық отырыс өткізілді. Отырысқа ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекеме және ұйым өкілдері, салалық қызмет басшылары қатысты. Күн тәртібінде бірқатар маңызды сұрақтар қаралды.
Су қорларын тиімді пайдалану, ауылдық округтер кесіндісінде лиманды суару жүйесін қолдану туралы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Серік Байсенгіров баяндама жасады.

Read more

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

14 Наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе-реніш ұмытылып, кешіріледі.
Айтулы онкүннің шымылдығы аудандық тарихи-өлкетану мұражайындағы Көрісу күнін атап өтумен басталды. Шараға аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев, мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Саржанов, Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің директоры Нұрлан Тоянкенов және ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахимбаев болды.

Read more

ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

7-наурыз күні Семей қаласында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аруларды мерекемен құттықтады.  Салтанатты шараға облысқа қарасты қала мен аудандардан жалпы саны 80 мұғалім, мемлекеттік қызметкер, әлеуметтік сала маманы қатысты.

Мерекелік кештің құрметті қонақтарының қатарында жерлестеріміз - "Рустам" ШҚ басшысы Индира Дүйсенбаева, "Ару-Ана" республикалық байқауының қатысушысы Динара Қизатова, "Көкпекті жолдары" ЖШС Гүлназ Нұрғалиева және "ҚалМұхЖом-Ахмет" шаруақожалығы басшысының көмекшісі Алмагүл Хабидолданова болды.

Read more

05 Наурыз 2024

БАЛАЛАРДЫҢ ШАБЫТЫН ШЫҢДАҒАН ОРТАЛЫҚ

Өскелең ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Сондықтан ертең елге тұтқа болар бала тәрбиесіне бүгіннен көңіл бөлген абзал. Көкпекті ауданында алғаш рет 2020 жылы бұрынғы балалар үйі ғимаратынан заманауи үлгідегі Оқушылар шығармашылық сарайы ашылды. Бұл мекемеде жас жеткіншектер түрлі үйірмелерге қатысып, ғылыммен айналысып, зерттеу жүргізіп, шығармашылықпен шұғылдануға үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. Балалардың бойындағы талантын шыңдап, білім, ғылым, өнерге баулып жүрген орталықты ашылған күннен бастап Асқар Сүлейменов басқарып отыр.

Read more

ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ДЕТСКОГО ТВОРЧЕСТВА

За воспитанием подрастающего поколения стоит будущее нации. Потому мы должны уделить особое внимание воспитанию детей, ориентировать его на достижение благих целей. В Кокпектинском районе в 2020 году в здании бывшего детского дома был открыт современный Дворец творчества школьников. В этом учреждении для подростков предусмотрены большие возможности участия в различных кружках, занятия наукой и творчеством, проведения исследований. Центр, который развивает таланты детей, прививает интерес к науке и искусству, с момента открытия возглавляет Аскар Сулейменов.

Read more

АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖОБА

28 ақпан күні аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың төрағалық етуімен аппараттық кеңес отырысы өткізілді. Кеңеске ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекеме және ұйым, қызмет өкілдері қатысты.

Аппараттық кеңес басында аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы аудандық аурухананың жаңадан тағайындалған бас дәрігері Махат Габдуллинді таныстырды. Махат Амангелдіұлы Көкпектінің тумасы. Туған жерінде білім алып, алғашқы еңбек жолын бастап, адал еңбегімен елге сыйлы бола білген ардақты азамат. Жаңа басшысының жауапты қызметіне сәттілік тілеп, аудандағы медициналық қызмет сапасын жақсарту бағытында бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз