Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

13 наурыз күні Көкпекті аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық отырыс өткізілді. Отырысқа ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекеме және ұйым өкілдері, салалық қызмет басшылары қатысты. Күн тәртібінде бірқатар маңызды сұрақтар қаралды.
Су қорларын тиімді пайдалану, ауылдық округтер кесіндісінде лиманды суару жүйесін қолдану туралы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Серік Байсенгіров баяндама жасады.


Бөлім басшысының мәліметі бойынша 2023 жылы аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлының бастамасымен лиманды суару тәсілі кең ауқымда қолданылған. Нәтижесінде 23,2 мың гектар жайылым мен шабындық жерлер суарылды. Жайылым мен шабындықта шөптің шығымы артты. Егер өткен жылдары 30 га шабындықтан 120 орам шөп алынса, 2023 жылы 185 орамға дейін ұлғайды.
- Биылғы жылы лиманды суарылған жер алқаптарын сақтау көзделуде. Сонымен қатар қосымша 200-250 гектарға ұлғайту мүмкіндігі бар. 2024 жылы жоспарлы лиманды суарылатын жерлер көлемі 101 пайызға артады деп күтілуде. Бұ лбағытта ауылдық округ әкімдерімен бірлекен жұмыстар жалғасады, - деді Серік Дүйсебайұлы.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің 2024 жылғы І тоқсандағы болжамды орындалуы туралы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы Әділбек Кенжебекұлы ақпарат берді. Аудан әкімі барлық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді қатаң талап етті. Сондай-ақ ауылдық округ әкімдері мен сала басшыларына көрсеткіштердің толық орындалу үшін барлық күш-жігерді салу қажеттігін айтты. Бақылау жасау аудан әкімінің аппарат басшысы Бек Нұғыбаевқа жүктелді.
Наурыз мерекесін атап өту туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахымбаев баяндама жасады. Бөлім басшысы еліміздің басты мерекесі Наурыз мейрамы биылғы жылы жаңа форматта өтетінін айтты.
- Биылғы жылы Наурыз мейрамы жаңа форматта өткізіледі. Ұлыстың ұлы күні биыл 10 күн тойланады. Наурызнама аясында онкүндік іс-шаралар кешені жоспарланып отыр. Әр күн өзіндік атау мен ерекшелікке ие. Жалпы аудан көлемінде 287 іс-шара ұйымдастырылады. Наурызнама онкүндігі 14-23 нау-рыз аралығында өтеді. Наурыздың бірегей логотипі бекітіліп, еліміздің барлық аймағында қолданылады. «Жаңа күн» мағынасын беретін айтулы мейрам еліміздің ынтымағы мен бірлігінің айғағы іспетті. Ұлыстың ұлы күні биыл жаңаша сипат алып, көкжиегі кеңейіп отыр, - деді Азат Қайратұлы.
Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы Наурыз мейрамын атап өту жоспарымен толық танысып, көңіл толтырды. - Еліміздің рухани қуатын, ұлттық танымын кеңейтетін бірегей мерекеміз жаңаша аталып өтпек. Бұл – халқымыздың рухани иммунитетіне, сан ғасырлық берік ұлттық кодына оң әсер етері сөзсіз. Сондықтан лайықты атап өту баршамызға үлкен жауапкершілік. Ауылдық округ әкімдеріне Наурыз мейрамын тойлау кең ауқымда болуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Әр ауылда 1-2 киіз үй ғана тігіліп, жетім қыздың тойындай жұпыны өткізу деген болмасын. Тігілген киіз үйлер ұлттық нақышта безендірілген, шаралар тағылымды болуы керек. Биыл Ұлыстың ұлы күні қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан рухани шараларға баса назар аударған жөн, - деді аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы.
Келесі кезекте Көкпекті аудандық «Ұлттық спорт ойындары орталығының» жұмысы талқыланды. Орталық директоры Бауыржан Түсіпжанов ақпараттық баяндама жасады.
- 2023 жылы Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың бастамасымен Абай облысы аудандары арасында тұңғыш рет «Ұлттық спорт ойындары орталығы» ашылып, жұмысын бастады. Орталықтың негізгі мақсаты - тұрғындар арасында ұлттық спорт түрлері мен ойындарын кеңінен насихаттау және облыстық, республикалық жарыстарға қатысатын ауданның құрама командасын жасақтау. Сондай-ақ ауқымды спорттық іс-шаралар мен жарыстарды ұйымдастыру, жас спорт дарындарын анықтау.
Бүгінде «Ұлттық спорт ойындары орталығында» бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге алу, асық ату, тоғызқұмалақ үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелер Көкпекті, Тассай, Ажа, Шәріптоғай ауылдарында жүргізіледі. Үйірмерге қазіргі уақытта 60-тан жасөспірімдер қатысып, шеберлігін шындауда. Алдағы уақытта осы талантты шәкірттер Абай облысының біріншілігінде және республикалық деңгейдегі жарыс-тарда Көкпекті ауданының намысын қорғайды, - дейді орталық директоры.
Баяндамашының мәліметі бойынша қазіргі уақытта Тассай ауылында «Көкпар» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме жетекшісі белгілі көкпаршы Дидар Сләмов. Бүгінгі күні үйірмеде 18 жасөспірім жаттығуда. Сонымен бірге Тассай ауылында Саят Сағындықов «Аударыспақ» үйірмесін жүргізеді. Үйірмеде 15 бала шеберлігін шындауда. Мамыр айында Тассай ауылында Аударыспақтан Көкпекті ауданының чемпионаты өткізіледі деп жоспарланды.
Ажа ауылында «Теңге ілу» үйірмесі жұмыс жасап тұр. Үйірмеге 20 жасөспірім қатысады. Жетекшісі Фархат Агзамов. Шілде айында «Теңге ілуден» Көкпекті ауданының чемпионаты өткізілмек.
Шәріптоғай ауылында «Тоғызқұмалақ» және «Бес асық» үйірмелері бар. Жетекшісі Рафаэль Насибуллин. Қазіргі уақытта 20-дан астам бала қамтылған. Наурыз айында өткен Абай облысы чемпионатында Көкпекті ауданының асық ату шеберлері командалық есепте 1 орын жеңіп алды. Жаттықтырушы Жәнібек Ербол. Сондай-ақ Шәріптоғай ауылының асық ату шеберлері 3 орынды иеленді.
Көкпекті ауылында «Асық ату» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмеге Бекзат Курлубаев жетекшілік етеді. Сәуір айында балалар және ересектер арасында асық атудан Көкпекті ауданының чемпионаты ұйымдастырылады.
«Бәйге» үйірмесінде 10-нан астам жасөспірім шабандоз болуға дайындалуда. Жаттықтырушы атбегі Елдос Төкенов. Сәуір айында маусымға дайындық мақсатында Көкпекті ауылында аудандық ат жарысы өткізіледі.
Қараша айында тұңғыш рет Көкпекті ауданында дәстүрлі садақ ату жарысы өткізілді. Ұлттық спорт орталығы өткізген жарысқа 58 мерген қатысып, бақ сынады. Осы жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері желтоқсан айында Өскемен қаласында өткен аймақтық турнирге қатысып қайтты. Облыстық жарыста 60-қа жуық қатысушының арасынан үздік 8 мергеннің қатарына іріктелген 2 бірдей садақшы Қазақстан Кубогына қатысуға жолдама жеңіп алды.
Бүгінгі күні дәстүрлі садақ атуға қызығушылық танытушы тұрғындар саны өте көп. Сұранысты ескере отырып, 20 қаңтар күні садақ ату сайысы өткізілді. Оған 32 мерген қатысты. Ақпан айында өткен «Толағай мергендері» аудандық дәстүрлі садақ ату сайысының жеңімпаздары 16 наурыз күні Семей қаласында өтетін облыс чемпионатына қатысады.
20 наурыз күні Көкпекті орталық мешітімен бірлесіп, қасиетті Рамазан айына орай мешіт жамағаты арасында дәстүрлі садақ ату жарысы өткізіледі. Сонымен бірге 2024 жылдың мамыр айында дәстүрлі садақ атудан Көкпекті ауданында облыстық жарыс өткізу жос-парлануда.
Биылғы жылы «Ұлттық спорт ойындары орталығының» материалдық техникалық базасын нығайтуға аудандық бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Бүгінгі күні 2 садақ, 100 жебе, 10 изолон, 100 медаль, 100 мақтау қағазы мен рамкалар сатып алуға мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды. Алдағы уақытта 10 тоғызқұмалақ тақтасы, асық ату кілемі мен жиынтығы, 6 дана көкпар ертоқымын сатып алу жоспарда.
Ең бастысы биылғы жылы көкпар аттарын сатып алуға қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы 15 миллион теңгеге 10 көкпар аты алынады. Бұл жұмысты сапалы жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Техникалық спецификация жасауға білікті мамандарды тарту арқылы дайындалып жатыр.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев ашылғанына көп уақыт өтпесе де жүйелі жұмыстар атқарған орталық жұмысына жоғары баға берді. Ұлттық спорт ойындарын дамытудың ұрпақ тәрбиесінде алатын орыны туралы айтып, маңызына тоқталды.
- Қазіргі уақытта балалардың бос уақытын тиімді қамту өте маңызды. Сабақтан соң балалар шығармашылық сарайына, ұлттық спорт ойындары орталығына бару керек. Бала бос жүретін болса бұзақылық та, темекі мен смартфонға үйір болу да пайда болады. Осы жұмысты дұрыс ұйымдастырмасақ ұрпағымыздың болашағына қиянат жасаймыз. Атқа мініп өскен, бәйге шауып жүрген балалар ертеңгі күні еліміздің тізгінін қолында нық ұстайтын мықты азаматтар болады, - деп кесіп айтты аудан басшысы.
Отырысты қорытындылай келе, бірқатар тапсырмалар мен міндеттер жүктелді. Ең бастысы көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын қатаң бақылауда ұстау керектігі айтылды.
- Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін орындауға аса қатты көңіл бөлу керек. Жүзеге асыруды орынбасарым Мақсат Сайлауғазыұлына тапсырамын. Көктемгі су тасқынына дайындық күн тәртібіндегі басты мәселе. Еш уақытта қамсыздық танытуға болмайды. Ауылдық округ әкімдері 24 сағат байланыста болып, жағдайды хабарлап отыруға міндетті. Әрбір ауладағы жағдайды білу керек. Преображенка, Үкіліқыз және Үлкенбөкен ауылдары ерекше бақылауда болады. Өте сақ болайық, - деді Ділдәбек Тәжібайұлы.
Биғаш ауылдық округінің әкімі Қайрат Ахметқалиевқа мердігер ұйым «Көкпекті жолдары» ЖШС бірлесіп, Көкпекті-Биғаш автокөлік жолын кеңейтіп, қардан тазалау жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма берілді. Сондай-ақ ауыл ішімен өтетін бұлақ суының жолын тазалау, аулаларға су кірмейтіндей инертті материал дайындау керектігі айтылды.

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз