Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

20 Желтоқсан 2016

ҮЛГІЛІМАЛШЫ

Елiмiз тәуелсiздiк алып, дербес мемлекет ретiнде танылғанына биыл 25 жыл толды. Бұл - қазақ елi үшiн егемендiк пен елдiктi, татулық пен тұрақтылықты, отансүйгiштiк пен патриотизмдi насихаттайтын ерекше мерейтой. Округте өткен жыл бойғы мерейтойлық шаралар 14 желтоқсанда қорытындыланды.
Бiр шаңырақтың астында бiрлiгi жарасқан ауыл тұрғындары ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» атты мерекелік іс-шарада бас қосты. Тәуелсіздік жылдары еліміз тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде ғаламат табыстарға қол жеткізгені белгілі. Осы әрбір жеткен жетістіктің артында түрлі салада жан аямай қызмет еткен азаматтардың еңбегі зор. Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға үлес қосып, ел үшін тынымсыз еңбек еткен Айтан Абдрасымов, Закен Камалиев, Жұмаш Исанов, Қабылбек Алимов, Серік Калдыбаев сияқты бірқатар азаматтарымызды округ әкімі Мерей Смағұлов Алғыс хаттармен марапаттады.

Read more

ҮЛКЕНБӨКЕН

Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздікке апарған ұлы да, ұзаққа созылған жол тайғақ кешуден тұрады. Бұл жолда ата-бабаларымыз ұлан-ғасыр жерімізді сырт жаулардан қорғау үшін ғасырлар бойы күресіп келді. Талай батыр ұл-қыздарымыз толарсақтан саз кешіп, еркіндікті аңсады. Ұлы даламызды қазіргі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Тәуелсіздігіміз жарияланған күн – Отанымыздың тарихында алтын әріппен жазылып, көкейімізден кетпейтіндей сезімде қалатын күн. Тәуелсіздігімізді ардақтау, оны ерекше атап өтудің жөні бір бөлек. Бодандықтан шығып, бостандыққа жеткен, елдігімізді аңсап, ертеңгі күнге жеткізген 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні ұлық мерекемізге 25 жыл толды.

Read more

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ДАМУЫ

Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті етіп қойып, мәселені күн тәртібәне жиі шығаратын болады. Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте іс-қимыл жүйесін жасауда, заңнамалық база әзірлеуде еліміздің көшбасшылық жағдайды иеленіп отырғаны кездейсоқ емес. 1998 жылы Қазақстан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң-ды бірінші болып қабылдады, онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық саясаттары белгіленді. Оның жүзеге асырылуына 17 жылдай уақыт өтті. Содан бері заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар еңгізіп, заман талабына сай күресудің жаңа жолдары қарастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 қарашадағы «Ұлттық қауіпсіздікті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті одан әрі күшейту жөніндегі іс-шаралар туралы» Жарлығы ұлттық қауіпсіздік органдарына, дәстүрлі міндеттерін шешуімен қатар, сыбайлас жемқорлық жолына түскен жоғары қызметтегі шенеуніктерге, әскери өызметкерлерге, прокурорларға, құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы қызмет пен судьяларға, сондай-ақ контрабанда және есірткі бизнесіне қарсы күреске барлық күштерін жұмылдыруды міндеттеді. Ел басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске беталысы батыл әрі дәйекті екенін атап өту қажет. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі ережелерін жүзеге асыру; ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық мүделерді қорғау.

Read more

ЕЛБАСЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күре-сінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиын-дықтарының жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен жетістіктеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз.
Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді.

Read more

МЫ ВЫБРАЛИ ПРАВИЛЬНЫЙ ВЕКТОР РАЗВИТИЯ

13 декабря в районном доме культуры имени К.Алтынбаева прошло торжественное мероприятие, посвященное 25-летию Независимости Республики Казахстан, в котором приняли участие гость нашего района - А.Асавбаев - председатель Комитета транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан, Р.Сагандыков – аким Кокпектинского района, руководители отделов, жители района.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз