Жерлесіміз, Халықаралық Жазушылар Ода-ғының мүшесі Бейсен Аханов туған жерге, Отанға деген жүрекжарды жырларын, күнделікті өмірдің түйткілдерін, адамгершілік қарым-қатынас, тәрбие мәселелерін лирикалық философиялық өлеңдері арқылы көркем сөзбен өрнектей білген, көпке танымал ақын. Оның бүгінгі күнге дейін бірнеше жинағы баспадан шығып, оқырманының сүйіп оқитын кітаптарына айналды. Зейнеткерлік жас-та шабытына шабыт қосылған ақын бұл күндері «Оралу» атты тарихи роман жазу үстінде. Бала шағынан ақын, жазушы болсам деген асыл арманына жеткен Бейсен Аханов азапты да қиын жол екенін біле тұра нық сеніммен осы өнер жолын қуды. Өмір жолындағы бұралаң соқпақтар, кездескен ауыртпалықтардың әсерінен жоғары білім ала алмағанына қарамастан, ол өз бетінше ізденіп, шығармашылығын қаламымен ұштап отырды. Нәтижесінде аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдарда, сондай-ақ, шетелдерге тарайтын халықаралық «Шалқар-2» газетіне өлеңдері мен әңгімелері жарияланып келген қаламы қарымды ақын. Қарапайым тіршілік кешіп, әдеби ортадан алыста жүрсе де, поэзия есігін кештете қаққан ақынның жан дауысы, жүрек лүпілі, азаматтық көзқарасы оның өлеңдерінен айқын сезіледі. Көкпектінің салқын самалы тербеп шығарған жүрек сырын жақында «Шашу» атты жинаққа енгізді. Өмірдің тыныс-тіршілігін сезімталдықпен қабылдайтын Беисен Ахановтың газет бетіне жарияланып отырған бір топ өлеңдері жырсүйер қауымның талғамынан шығар деген сенімдеміз.
Астана күніне арналған салтанатты мерекелік шараның шымылдығы ауыл әкімі Ержан Құдайбердіұлының ізгі ниетпен жолдаған құттықтауымен түрілді.
Сөз алған «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы төрайымының орынбасары Т.Бапабаев, ауыл имамы, аузы дуалы ақсақал Әлімқан пірадар мен Көкпекті ауданының құрметті азаматы, ауылдың қадірлі қариясы Қуан Түсіпбеков сынды жақсылар алқалы ағайынға ақжарма тілектерін айтып, мерекеге береке тілесті.
Ағымдағы аптада Көкпекті аудандық сотында 2016 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді. Жиын барысында аудандық сот төрағасы Әділ Бақытбекұлы статистикалық мәліметтерден хабардар етті.
- Атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ, 6 ай ішінде 24 тұлғаға қатысты 20 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 15 тұлғаға қатысты 11 үкім шығарылды. Былтырғы жылдың аталған кезеңінде 14 тұлғаға қатысты 14 қылмыстық іс қаралған болатын. Яғни, биыл 30 пайызға артық деген сөз. Сот тарапынан ақтау және ақталу себебімен істі тоқтату үкімдері шығарылған жоқ. 150 азаматтық іс қаралып, 75 шешім шығарылды, оның 27 сот бұйрығы болып табылады. 3 азаматтық іс жеңілдетілген өндіріспен қаралды. 2015 жылы қаралған істің саны 141 (6 пайызға артық), биылғы мерзімде 157 әкімшілік, ал былтыр 210 әкімшілік іс қаралған болатын. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 25 пайызға азайғанын білдіреді, - деп атап өтті Әділ Бақытбекұлы.
Жадырап жаз келдi. Сайын дала Сарыбел мен қойнауы қазыналы Қалбаның арасындағы құтты мекен құлпырып тұр. Табиғаттың осы бiр ғажайып мезгiлiн ең алдымен біздің балалар асыға күтедi жылда. Себебі, санасын сабақтан арылтып, алаңсыз балалық шақтың аралында сайрандайтын мерзім. Туған жердің көк майсасына аунап, суында толқындай тулап, құмына табан күйдіріп, желіне кекіл сүйдіріп, шексіз шаттық кешетін шақ осы. Осы тұрғыда аудан оқушылары жазғы демалысында қайда және қалай демалады деген заңды сауал туындайды. Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Садуақасова Динара Қапасқызына жолығып, биылғы жаз мерзіміндегі балалардың демалысы қалай ұйымдастырылып жатқаны туралы ақпаратпен қанықтық.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.