Бата беру халқымыздың ертеден көнермей келе жатқан салт дәстүрінің бірі. Халқымыз батаны ерекше қастерлеген. Қазақ халқы өз тұрмыс салтында барлық игілікті ісін тек батамен бастаған. «Көп тілеуі көл», «Батамен ел көгерер» дейді халқымыз. Осы сөздерден жұртымыздың батаға деген көзқарасының қандай болғанын байқауға болады. Халқымыз ежелден бата беруге аса талғаммен қараған. Батаға ерекеше мән, маңыз берген. Батаны албаты кез-келген адам емес аузы дуалы, елге сыйлы ақсақал адамдар беретін болған. Бата беруде айрықша мән маңызбен өзіндік жосын жоралғы бар. Қазақта бата алудың мағынасы көп. Бата берудің өзіндік түрлері бар. Алыс сапарға шығарда үлкендерден бата алады. Сонымен бірге арнайы барып қадірлі ақсақалдардан бата алады. Және жас жұбайларға, нәресте туғанда, сүндет тойларда, той думандарда қадірлі қариялардан арнайы ақ бата сұраған.
Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде Көкпекті аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, аудан мектептерінің директорлары, балабақшалардың меңгерушілері, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары мен бас есепшілерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өткізілді. Іс-шараға ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Қасым Дүйсекин, аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов және Көкпекті ауданы прокуратурасының прокуроры Серік Смағзамов болды.
Осы кеңесті ұйымдастыруға себеп ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет енгізген қылмыстық құқықбұзушылық пен басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша ұсыныстарды қарау болды.
Казнаковка білім беру жобасы Көкпекті ауданы бойынша алғашқы кезі 2005 жылы басталған болатын. 2017 жылы «IQanat» білім беру қоры Шығыс Қазақстан облысы бойынша іске кірісті. Аталмыш жобаның биылғы 2018 -2019 оқу жылындағы олимпиадасының І кезеңі 2019 жылдың 9 қаңтарында салтанатты түрде ашылып, олимпиада басталды. Олимпиаданың ашылу салтанатына Көкпекті ауданының білім бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова және «IQanat» білім беру қорының облыстық үйлестірушісі А.Матыбаева биылғы оқу жылының І кезеңіне қатысушыларын құттықтап, сәттілік тіледі. Олимпиада эссе жазу, математика, физика, ағылшын тілі пәндері бойынша болды. Олимпиадаға ауданның 9 сынып оқушыларынан 83 оқушы қатысты. Білім сайысы Самар ауылындағы Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінде ұйымдастырылды.
Толығырақ...Дарын орталығында облыстық ғылыми-практикалық «Табиғатты аяла» атты жас өлкетанушы экологтар мен натуралисттердің форумы өтті. Ғылыми практикалық форумға Ж.Шайжүнісов атындағы мектебінің оқушы-ларынан құралған топ өздерінің жетекшілері С.Қасымовамен бірге қатысып қайтқан еді Зерттеу-жобалау сайысы бойынша – Е.Дəлелхан ІІ орын, Ә.Ихатова ІІІ орынды жеңіп алса, "Туған өлкенің табиғатын аяла" ғылыми практикалық конференциясына қатысқан Д.Қабдыкәрімов ІІ орынды иеленді.
Толығырақ...«Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2009 жылдың қараша айында құрылды.
Қазіргі уақытта мекемеде 216 қызмет алушыға үйде әлеуметтік көмек көрсетіледі, оның ішінде жалғызбасты қарттарға және мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен 145 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге, мүмкіншіліктері шектеулі балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен 65 қызмет алушыға үйде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Күндізге келу бөлімшесінде мүмкіншіліктері шектеулі 16 бала бар. Оңалту шаралары бекітілген кестеге сәйкес сағат 09.00-дан 13.00 дейін жүргізіледі. Қызмет алушыларды Орталыққа және үйлеріне жеткізу мейіргер және тәрбиешінің қарауында «Газель» автокөлігімен жүзеге асырылады.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.