Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биыл Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетіне 90 жыл толып отыр. Мереке аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Осы орайда, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев «Білімді жастар – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты қозғаушы күші» тақырыбында дәріс өткізіп, жастарға өз тәжірибесімен бөлісіп, болашаққа деген көзқарасын білдірді.
Дәріс барысында облыс әкімі IT саласы мен жасанды интеллектті дамыту жоспарына тоқталды. Ол креативті индустрияның және жастардың ғылыми зерттеулері мен стартаптарын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
«Жаңадан құрылған Абай облысының дамуы – өздеріңіздей мамандар қолында. Кез келген қоғам үшін сапалы маман әрқашан бағалы. Сондықтан, осында отырған әр маман, Семейді, Абай елін көркейтуге күш салады деп сенемін», - деп қосты Нұрлан Ұранхаев.


Студенттер өз кезегінде жастар бағдарламасы, ғылым, ақпараттық технологиялар, креативті индустрия және т.б. салаларға қатысты сауалдарын қойды. Айта кетсек, жиналғандар үшін ғылыми көрме ұйымдастырылды.
Бұл көрмеде біздің ауданымыздан шыққан Көкпекті орта мектебінің түлегі Исатай Айпқазы қатысты. Исатай Қайратұлы бүгінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде биотехнология мамандығы бойынша білім алуда. Ол ғылыми көрмеде гидропоника арқылы өсімдіктерді өсіруге арналған қондырғы туралы жұмысын ұсынып, таныстырды.
Көкпекті жерінен шыққан талапты жастардың облыс көлемінде еңбегі көрмеге қойылып, бағаланып жатқаны біздер үшін үлкен мақтаныш. Мемлекет тірегі Исатай сынды білімді, дарынды жастар екенін айта келе, жас жеткіншектердің сапалы білім алып, саналы азамат атанып, ел үшін адал еңбек ететіндеріне сенім мол.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз