Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әлемдік білім мен ғылым кеңістігінде ұстаз бен ғалымның орны ерекше. Ұлт руханиятында ұстазды ұлықтау, ғалымды құрметтеудің өзіндік дәстүрлі жолы қалыптасқан. Руханият кеңістігінде ұстаз бен ғалымдардың көп болғандығынан ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Ұстаздығы мен ғалымдығын кәсіби жұмысы, күнделікті әдеті деп санайды. Өздері табиғатынан өте қарапайым, публикадан алшақ жүреді. Бәлкім олар «ұлылық – қарапайымдылықта» деген қағиданы қатаң ұстанатын болар. Осындай жандардың бірі Шұғылбай ауылының тумасы, І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің түлегі, білім мен ғылымның қара шаңырағы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы педагогикалық институтында ұзақ жылдардан бері жемісті қызмет еткен, бүгінде елордамыз Астана қаласында еңбек етіп жүрген ұстаз-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айман Советқызы Ақтановаға қарата айтуымызға болады.

Айман Советқызы Ақтанова 1971 жылы 25 шілдеде Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылында дүниеге келген.
1978 жылы Шұғылбай ауылындағы І. Жансүгіров атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, білім ордасын 1988 жылы тәмамдайды. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын 1988 - 1993 жылдар аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігі және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бо-йынша аяқтайды.
Айман Советқызы 1993-1998 жылдары Шәкәрім атындағы педагогикалық институттың қазақ тілі кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқарады.
Кейіннен 1998-2006 жылдар аралығында қаржы-экономикалық институтының қазақ тілі пәні оқытушысы, кафедра меңгерушісі болып қызмет етті. 2006-2016 жылдарда Шәкәрім университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі лауазымында жүріп шәкірт тәрбиеледі.


2016-2018 жылы Шәкәрім университеті, Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің директоры.
2018-2019-жылдар Шәкәрім универ-ситетінің гуманитарлық ғылымдар ғылыми кафедрасының меңгерушісі.
2020-2022 жылдар Шәкәрім университетінің қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры қызметінде болады.
2022 жылдан бүгінгі күнге дейін Астана қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» пәндері зертханасының меңгерушісі болып қызмет істеп отырған білікті басшы.
Айман Советқызы ұстаздық пен ғалымдықты қатар меңгерген, екі саланы теңдей бағындырып, жемісті нәтижелер беріп келе жатқан жандардың бірі. Ол кісі тумысынан сабырлы ұстаз, арғы-бергіні тереңнен тартып зерделейтін зерделі ғалым деп білеміз.
Зерттеу еңбектерінің басым бөлігі қазіргі қазақ балалар әдебиеті мен Абай, Шәкәрім, М.Әуезов шығармашылығына арналған. «Балалар әдебиеті», «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» монографиялары бар. Сонымен қатар жаңартылған білім мазмұны бойынша «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Қазақ әдебиеті» оқулық-кешендерінің (5 - 11-сыныптар бойынша) негізгі авторы.
Айман апай көп жылғы еңбегінің нәтижесі ретінде «ҚР ЖОО үздік оқытушысы – 2009», «ҚР ЖОО үздік оқытушысы - 2021», 2010 ж. - халықаралық педагогикалық білім беру академиясының корреспондент-мүшесі (МАНПО), 2014 ж. Шәкәрім университетінің «Зор еңбегі үшін», 2019 жылы «Шәкәрім» медальдарының иегері атанған.
Айман Советқызының өмірдегі ұстанымы да ерекше. Ол Күлтегіннің «Сөз иесі – мен өзім» деген философиялық түйінді ойын алған.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз