Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Еліміздің барлық облыстарында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты басты жаңа жылдық іс-шарасы өтті.
Көкпекті аудандық білім бөлімінің мәліметі бойынша Семей қаласында ұйымдастырылған мерекелік жиынға Абай облысының әр ауданы мен қаласынан 200 бала қатысты. Шыршалық кешке 9 жастан 13 жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, ерекше білім беруді қажет ететін, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта, қоғамдық өмірде жоғары жетістіктерге жеткен дарынды балалар шақырылды. Жаңа жылдық мерекелік шыршаға Көкпекті ауданына қарасты білім беру ұйымдарынан 15 бала қатысты. Мерекелік шырша шарасы барысында облыс басшысы Нұрлан Тельманұлы ҚР Президентінің атынан балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.


-«Бүгін жылдың басты іс-шарасы Қазақстан Республикасының Президенті атынан өткізіліп жатыр. Сіздерді осы келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын. Сіздер сапалы білім алып, жақсы оқып, биіктерден көрініп, еліміздің лайықты азаматы болыңыздар. Сәттілік серіктеріңіз болсын. Еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда. Біз сіздерге сенеміз! Жаңа жылда тілеген барлық тілектеріңіз орындалсын!», – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Жаңа жылдық шырша мерекесінде балаларға арналған концерттік бағдарлама ұсынылды. Балалар шаттана би билеп, ән салды.
Мереке қонақтарына ерекше безендірілген сахнада аниматорлардың қатысуымен театрландырылған жаңа жылдық қойылым ұсынылды. Мерекелік кешке қатысқан әр балаға 100 мың теңгеге сертификат, тәттілер мен ойыншықтар сыйға тартылды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз