Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет мониторингі бөлімінің басшылығымен Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде «тұрғындарды цифрлық сауаттылыққа оқыту» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға ауылдық округ мамандары, дербес бөлім қызметкерлері, мектеп мұғалімдері қатысты.

Семинар бағдарламасына сәйкес «Негізгі сандық дағдылар», «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер», «Электрондық сауда» үш сұрақ қарастырылды. Алғашқы сұрақ бойынша ұйымдастыру бөлімі ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет мониторингі бөлімінің бас маманы Сәуле Дәулетқызы бастапқы цифрлық дағдылар туралы баяндады.


-«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бүгінгі күні тұрғындарды сандық сауаттылыққа оқыту семинары ұйымдастырылып отыр. - Ақпараттық технологиялар адам іс-әрекетінің барлық салаларына енуімен қоса біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда дей келе, мемлекеттік қызметкер ұялы байланыс, ғаламтор, электрондық пошта туралы мәлімдеме жасады. Күн тәртібінің келесі сұрағы бойынша Көкпекті ауданы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Халыққа қызмет көрсету» департаменті филиалының басшысы Е.Табиғатов баяндады. Ерік Ернарұлының айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, электрондық қолтаңба арқылы мемлекеттік қызметтің 448 түрін көрсетіледі екен. Оның ішінде мекен-жай анықтамасын алу, баланы балабақшаға кезекке қою, сотталмағаны туралы анықтама алуға тағы басқалары. Ал үшінші мәселе бойынша аудандық «Қазпошта» бөлімшесінің басшысы Айдар Сыдықовқа сөз кезегі берілді. – Бүгінгі таңда облыстың кез-келген пошта бөлімшелерінде жалақы алу, коммуналық салық және басқа да төлемдер жүргізу, ақша айырбастау операцияларын орындауға, несиелер алу сияқты қызметтер көрсетіледі, - деді Айдар Серікұлы. Семинар кезінде «Қазпошта» бөлімшесі басшысының орынбасары Ә.Нұрғалиева post. кz қызметінің мүмкіндіктері жайлы айтып өтті. Жергілікті тұрғындардың компьютерді меңгерудегі сауаттылығын арттыру мақсатында өткізілген шара өз міндетін толық орындады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз