Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасында мектеп оқушыларының денсау-лығын қорғау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, сапалы білім алуға жағдай жасауды көздейтін бірнеше бағдарлама бар. Сол бағдарламалар негізінде Самар ауылындағы №1 орта мектепте биыл жөндеу жұмыстары қолға алынып отыр. Жарты ғасырлық тарихы бар мектептің ғимараты да ескі, бұрынғы стандартпен салынған білім ошағы талайдан бері жөндеу көрмеген. Биыл аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға білім беру бөлімі мектепке ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспар бойынша жүзеге асыруды қолға алды. Жобалық-сметалық құны 16 миллионнан асатын құрылыс жұмыстары тендер өткен соң, 15 маусымда басталып та кетті. Тендерді ұтып алған мердігерлік компания – ауданымызға белгілі, екі жыл қатарынан ауылдық жердегі құрылыстың қарқынды дамуына үлес қосқаны үшін министрліктен алтын медаль алған «Ашим-С» ЖШС, оған жерлесіміз Т.Сағатов жетекшілік етеді.

- Жоба бойынша мектептің кіре берісі мен баспалдағына плиталар төсеп, қасбетін сырлау, Лайлы бөгеті  жарылған кезде бүлінген спорт стадионы мен  АӘД  сабағын өткізетін алаң жөндеу қарастырылған. Сонымен бірге, мектептің айналасындағы қоршау жаңартылып, есіктің алдына брусчатка төселу керек болатын, - дейді мектеп директоры Валентина Кутателадзе.- Сондай-ақ, сырттағы дәретхана толықтай жаңартылады. Біз тек қана Қазақстанда өндірілген құрылыс материалдарын таңдағандықтан көп үнемдедік.

Күннің аптап ыстығына қарамастан құрылысшылар қарқынды еңбек етуде. Өздеріңіз біліп отырсыздар, ауа райы күрт ысып, аптап тіпті 40-45 градустан түспей тұр. Бірақ жұмысты тастап кеткен ешкім жоқ. Олардың тарапына ешқандай мін жоқ. Еңбек тәртібін бұзғандықтары байқалмайды, тіпті мектеп ауласында шылым да шекпейді, - деп сөзін жалғастырды Валентина Федоровна.

 - Мектеп басшысы дұрыс айтады. Біздің бригада барлық жұмысты жылдам әрі сапалы атқаруда. Жаңа ғана ол кісі айтып өткен жұмыстардан басқа біз   шағын орталыққа дәретхана орнатамыз, сон-дай-ақ, кіреберіс есіктерді алмастырып, фойенің еденін кафельдейміз. Мектеп ұжымы тарапынан комиссия құрылған, олар және техникалық, авторлық бақылау да біздің жұмысымызды қадағалап отыр. Жұмыс басталғаннан бері төрт  тексеру өтті. Жобадан ауытқушылық жоқ, жұмыс сапалы атқарылуда деген баға берді. Әрине, ұсақ-түйек кемшіліктер болды, бірақ оны дер кезінде қалпына келтірдік, - дейді бригадир Мақсат Мұқышев. – Қазіргі күні ғимараттың сырты сырланып болды, табалдырық баспалдағына плиталар төсеуді аяқтадық. Кіре беріске шатырлы қалқа жасалды. Енді, дәретхананы аяқтаған соң толықтай стадион мен алғашқы әскери даярлық алаңын қалпына келтіру жұмысына кірісеміз. Мектеп аумағының қоршауын ауыстыру жұмысы да қоса атқарылатын болады. Құрылыс материалдары уақытында жеткізіліп тұрады. Жұмысшылар тәжірибелі, қолдарынан іс келетін, бесаспап жігіттер. Басшымыз Төлеген Әшімұлы олардың қимылына риза.

 Мектеп оқушылары, ата-аналар келіп, көріп кетеді екен. Олар да  балаларының  жаңа оқу жылын жаңарған мектепте бастайтындарына, мемлекеттің балалардың білім алуына барынша жағдай жасап, қамқорлық танытып отырғанына  разылықтарын білдіріп жүр. Жақында ғана мектепті бұрын бітірген түлектердің кездесуі болды. Көптен бері бастары қосылмаған түлектер  өскен ұяларындағы орын алып жатқан жаңалыққа қуана қарасты. «Біздің арамызда алыс-жақын шет елге кеткендер, мектеп бітіргелі он  бес жылда алғаш келіп тұрғандар бар. Біз үшін бұл қуаныш. Артымыздан ерген іні-қарындастарымыз  көріктене түскен мектепті көріп, өздерінің білім сапаларын арттыра түсер деп ойлаймыз», - дейді бұрынғы түлек, осы кездесуді ұйымдастырушылардың бірі Ә.Сейілқұмаров.

 Жадырап жаз да өте шығар, каникул қызықтары да аяқталады. Сағынып келген шәкірттерді еңсесі көтеріліп, жаңарып, жарқырап тұрған мектеп қарсы алады. Тағы да қоңырау соғылып, ауланы балалардың көңілді күлкісі толтыратын күн алыс емес. Ал құрылысшы ағалары барлық жұмысты мерзімінен бұрын аяқтауға күш салып жатыр.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз