Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

11-15 қараша күндері аралығында Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде «Бастауыш-білім бастауы» атты бастауыш сыныптар апталығы өтті. Апталықта мұғалімдердің пән апталығының мақсаттары мен міндеттерін барынша тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдістемелік жұмыс түрлерін таңдағанын көрсетті. Өткізілген іс-шаралар оқытудың әртүрлі әдіс тәсілдерімен, ұйымдастыру формаларымен ерекшеленді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқу мен білімге деген қызығушылығын арттыру, оқу үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Апталық аясында түрлі сайыстар, сыныптан тыс шаралар, қызықты сабақтар өткізіліп, оқушылардың білім деңгейі мен шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау мақсат етіледі.


Апталықтың ашылуы 1-қабатта көңілді әуенмен аю және микки маус кейіпкерлері оқушыларды қарсы алды.Үстелде түрлі түсті лоток ойыны мұғалімдер мен оқушылар арасында ойнатылды, допты ұяшыққа түсіре отырып сұрақтарға жауап берілді. Ұлы ақын жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайысқа 2-сынып оқушылары қатысты. Әсіресе өз мәнерімен, дикциясымен елдің көңілін аудара алған Салауатов Нұрмұхаммед, Жұмат Айзада, Нұрғазы Асылым сынды оқушылар болды. «Ұлттық ойындар» сыныптан тыс шарасы даярлық сыныптың оқушыларына өте қызықты болды. Шапшаңдық,ептілік, шыдамдылық оқушылардың бойынан көрініс тапты. Логика әлеміне саяхат атты интеллектуалдық ойын өткізді. Сыныптан тыс іс-шараға оқушылар қызыға қатысты. Мұғалім оқушыларды екі топқа бөлді. Оқушыларға деңгейіне қарай логикалық, қызықты сұрақтар берілді. Сайыс тапсырмалары балмен есептелді. Екі топ теңбе-тең көрсеткіш көрсетті. Бұл апталықта бастауыш сынып мұғалімдері оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдана білді, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырды, өз шығармашылықтарын шыңдап, педагогикалық шеберліктерін көрсете білді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті және білімдерін шыңдады.

Ж.Шайжүнісов
атындағы орта мектебінің ақпараты

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз