Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биыл Кеңес әскерінің соңғы солдаты Ауғанстан жерінен шыққанына 35 жыл толды. 1979 жылы басталған соғыс адамзат тарихындағы ең ұзақ қақтығыстардың бірі ретінде қалды.
Мереке қарсаңында А.С.Пушкин орта мектебі директорының ұйымдастырумен Ауған соғысының ардагері Пархоменко Владимир Николаевичті мерекемен құттықтады. Мектеп директоры Кажиакберов Ринат Араратұлы және АӘТД пәні мұғалімі Жотабаев Даулет Ахметкалиұлы жоғарғы сынып оқушыларымен бірге ардагердің шаңырағына барып кездесу ұйымдастырды. 110 айға созылған осы қиын кезеңдегі жанқиярлық ерлігі үшін алғысын білдіріп, жастар үшін нағыз үлгі екенін және мұндай шаралар жас патриоттарды тәрбиелеуде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.


Пархоменко Владимир Николаевич 1962 жылы 2 қаңтарда Көкпекті ауданы Олеговка ауылында дүниеге келген. 1969-1977 жылдар арасында А.С.Пушкин атындағы орта мектебінде оқыды. Мектепті бітіргеннен кейін 1977-1981 жылдары Үлкенбөкен ауылындағы кәсіптік-техникалық училищеде оқып, тракторшы-машинист мамандығын алды. СПТУ-26 бітіргеннен кейін 1981 жылы 18 сәуірде Өзбекстан КСР Кеңес Армиясы қатарына Ташкенттің Шыршық қаласына шақырылды. Ол жерден 6 айға Литва КСР-дегі оқу орталығына жіберілді. Оқу орталығынан кейін Ауғанстан Республикасына 56-ДШБ жүргізуші-механик мамандығы бойынша оқуға түседі. Десанттық жауынгерлік машиналар колонналарын Кабулдан Горвезге дейін 3 рет алып өтті. Ол Ауғанстанның Құндыз, астанасы Кабул, Имам Сахид, Барани-Барақ деген ескі қалаларында болып,соғысқа қатысқан.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз