Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын...акциясы аясында Шәріптоғай негізгі мектебінің оқушылары «Еріктілер» бағытымен акцияны қолдау үшін ардагерге барып үй шаруашылығына болысып қайтты.
Жеке шаруашылығындағы, аула маңайын, үйдің аумағын егде жастағы тұрғындар үшін өз бетінше тазалау оңай емес. Бұл ретте Шәріптоғай негізгі мектебінің аға тәлімгері З.Насибуллинаның ұйымдастыруымен мектеп еріктілері «ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын...акциясы аясында зейнеткерге қар тазалау жұмысына қолғабыс етті.
Бұл шараның мақсаты болашақ ұрпақ бойында үлкенге мейірімділік, қамқорлық, жақсылық, бiрлiк сезiмдерiн ояту.
Қайырымды іс жасаған жастарға қария алғысын айтып, батасын берді.

Шәріптоғай негізгі мектебінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз