Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпар – қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі және бірегейі. Бұл ойын түрінің теңдессіз екендігін әлем халқы мойындап отыр. «Көкпар» ойыны жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.
Өткен аптада ауданымызға таны-мал атымтай жомарт жан «Рустам» ШҚ басшысы Қайрат Дюсембаевтың ұйымдастыруымен жау-жүрек бабаларымыздан қалған асыл мұраның бірі – көкпар ойыны өтті. «Көкпар» Қайрат ағамыздың ұлының сүндет тойы құрметіне берілді.


Ер жігіттің ат құлағында ойнайтын шеберлігі, ептілігі мен күш-қайраты сыналатын осынау ұлттық ойын түріне Ұлан ауданы, Көкжайық, Үлгілімалшы, Көкжота ауылдарынан көкпаршылар қатысты. Көкпарға қатысқан көкпаршылар салымдарын алды. Сондай-ақ, аударыспақ ойыны да ойнатылып, жеңімпаздар марапатталды. Көкпар соңында Ақой ауылындағы тойханада арнайы дастархан жайылды.
Қазақ қыраннан қырағылықты, тұлпардан тектілікті бойына сіңірген халық. Ендеше, ендігі парыз – ұлттық ойынымызды келешек ұрпаққа аманат ету.

Ерлан Әзімбаев, «Көкжайық жастары»
ұйымының мүшесі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз