Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тамыз айынының басында Көкжайық ауылының Қособа өзенінің бойында ұрпаққа өнеге болып қалатын айтулы іс-шара өткізілді. Өз заманында осы өзеннің бойында «Қособа» атты дүркіреген ауыл болған. Уақыт шіркін қоя ма... Қазір сол ауылдан тек Қособа атты өзен мен шоқайған екі-үш тал мен ата-бабаларымыздың моласы ғана қалған. Ұзақ уақыттан бері жанымызды жегідей деп, қабырғамызды қайыстырған осы зираттардың қоршауы еді. Мұндай іске аз қаражат кетпейтіні мәлім. Қазіргі бас пайдамызды ойлаған заманда екінің бірі мұндай шығынға батпасы айдан анық. Әйтеуір көптің тілегі қабыл болып, жүректері «Елім, жерім!» деп соққан, бұрынғы осы ауыл тумалары қазіргі уақытта Павлодар қаласының тұрғындары, жеке кәсіпкер Тимур, Талғат Садықовтар ауылға келіп, Қособа өзенінің маңайында орналасқан зираттың қоршауын өз қаражаттарына тұрғызды. Олардың бұл бастамасын осы ауылдың көне тұрғындарының ұрпақтары, ауылдың еңбектеген баласынан бастап, еңкейген қартына дейін зор қуанышпен қабылдап, асқан ұйымшылдықпен қол ұшын берді.

Атап айтқанда, Қадылбек Аймұхамбетов, Берік Жұмағазин, Майра Жұмағазина, Айгүл Сатенбаева сынды ауыл азаматтары аянбай еңбек етті. Кезінде сол ауылда туып, өмір бойы еңбек еткен ардагерлер Тоқан Шақпақбаев, Тоқтархан Орынбеков аталарымыз, Роза Жұмағазина әжелеріміз де ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды. Осындай қуанышты хабарды естіген осы күні Семей қаласында тұратын Сайлау Аймұхамбетов бастаған, Ажа ауылынан Асқар Құралбек, Дулат Ескеалмасов, Асқар Әубәкіров, Үлкенбөкен ауылынан Қайырлы Махамбетов сияқты жерлестеріміз де келіп, аянбай өз үлестерін қосты. Үлкен жиында бас қосқан жерлестеріміз бір-бірімен кездесіп, ата-бабаларын еске алып, көңілдерін бір босатып алды. Ер азаматтар жағы қоршаумен айналысса, сол жерде жүрген әйелдер шәй-тамаққа кірісіп, мәре-сәре болып жатты. Қоршау тұрғызылып болған соң, мал сойылып, «Бөдес ата» мешітінің имамы Жұмабек Доспайұлы Меирманов ата-баба рухтарына арнап құран оқып, қатым түсірді, өткізіліп отырған шараның алдымен сауапты іс екенін және артымыздан ерген ұрпаққа өнегелі үлгі болатынын айтып, аталмыш тақырыпта уағыз-насихат өткізді. Барлығымызды бір серпілтіп, рухани жаңғыртып, ұйымшылдыққа шақыратын бастаманы көтерген Амангелді ұлдары Талғат пен Тимурға айтар алғысымыз шексіз! Осындай жүректері елінің мұңы үшін езілген бір туар азаматтар көбейе берсін! Жаратқан олардың отбасыларына амандық, береке берсін! Осы шараға қол ұшын берген барлық ауыл тұрғындарына алғысымыз шексіз! Игі іс-шараларда басымыз қосыла берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


Алпыс Омарбеков,
Көкжайық ауылының тұрғыны

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз