Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі - мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. 2018 жылдың 5 маусымында қасиетті Рамазан айында Бастаушы ауылдық округінде Габбасов Дінислам Асхатұлына шұғыл түрде ота жасатуға байланысты «Жан жылуы» акциясы ұйымдастырылды. Дінисламымыздың дертіне шипа берсін деп ниет еткен тілекші әкімшілік ұжымы, дәрігерлік амбулатория ұжымы, мешіт имамы және жекелеген ауыл тұрғындары З.Иглікова, Г.Ракишева, Г.Қожахметова шама шарқыларына қарай азын-аулақ көмектерін көрсетті. Дінисламымызға Алла тағаламыз шипасын берсін деп тілейік ағайын.

Бастаушы ауылдық округі
әкімінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз