Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

26 қазан күні Үлкенбөкен ауылында жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өтті. Кездесуді Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешенінің директоры А.Егеу-баева мектепте ұйымдастырды. Бұл жиынға Үлкенбөкен шаруа қожалықтарының басшылары, түрлі саудамен және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын, өз ісін жолға қойып, кәсібінен несібесін айырып отырған барлық кәсіпкерлер шақырылды Сыйлы қонақтарға арнап, мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі С.Тоқтамысованың ұйымдастыруымен өте әсерлі өткен «Шын жүректен...» деп аталатын әдеби-музыкалық кеш ұсынылды.
Өкінішке орай, осы әдемі кешке шақырылған қонақтардың көбі келген жоқ. «Көгілдір алауға» кәсіпкерлерден Күшікпаев Жұмабек, Баймолдин Қайрат, Сағандыков Ербол, Камерия Шынарбек, Толқамбаева Көгершін, ардагер ұстаздар, зейнеткер Л.Осипова және мектептің бұрынғы директоры, зейнеткер Л.Бондарев, ауыл әкімі Н.Назарханов қатысты.

«Көгілдір алауда» ой-пікірлер, жоспарлар, ұсыныстар ортаға салынып, тамаша бір кездесу алаңына айналды. Мектеп директоры А.Егеубаева өз сөзінде облыс әкімі Д.Ахметовтың бастамасымен бүкіл Шығыс Қазақстан облысында кең қолдауға ие болған «Менің мектебім» акциясына ауылдың қалталы азаматтарын белсенділік танытуға шақырды. Бұл акцияның басты мақсаты - өз ісін жолға қойған жерлестерімізді, соның ішінде Үлкенбөкен мектебін бұрын бітіріп кеткен түлектерімізді білім саласында жүзеге асырылып жатқан тың жобаларға тарту. Бұл кездесуде ауыл әкімі Н.Назарханов та жиналған қауымға бұл жобаның өте қажет екенін және оған қолдау жасауға шақырды.
Одан кейін сөз алған қонақтар бұл үндеуге өз үлестерін қосатынын, бала үшін, баланың білімі үшін жасалып жатқан білім саласындағы ақпараттық технологиялар, жаңа реформалар келешекте өз жемісін беретінін, мектеп ұжымына еңбектеріңіз жана берсін деген ізгі тілекпен тарқасты. Осы мақала арқылы белгілі бір себептермен кездесуге келмей қалған қонақтар акция барысында белсенділік танытып, мектебіміздің робототехника кабинетін сатып алуға арналған есепшотқа қаржылай көмек береді деген үміттеміз. Бұл акция бір жарым айға созылады. Ендеше, аянып қалмаңыздар, ағайын!

К.Қалиева, Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешенінің мұғалімі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз