Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақ халқы қашанда «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет», «Қарттарым - асыл қазынам» деп, үлкендер алдынан кесе көлденең өтпей, ақсақалды аталар мен ақ жаулықты әжелерге сый-құрмет көрсетіп, баға жетпес байлыққа теңеген. Өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп, өсіріп жеткізген аналарымыз бүгінде кешегі бейнетінің зейнетін көріп, ақ әжемізге айналса, ұжымшар-кеңшарларда мал бағып, жер жыртып, жоспар орындап, аянбай тер төккен азаматтар бүгінгі күні зейнет жасқа жетіп, ақсақалды ақылшымыз боп отыр.


Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округінде ақсақалдар алқасымен және ардагерлер кеңесімен жергілікті атқарушы орган араларында тығыз байланыс орнатылған. Елдімекендегі күрмеуі мықты, өзекті мәселелер ақсақалдар алқасымен ақылдаса отырып, шешімін тауып келеді. Ақылы көл-дариядай қарияларымыз өз тараптарынан ортаға ойларын салып, бағыт-бағдар беруден аянып қалған емес. Бұл - бір жағынан билік пен азаматтық қоғамның арасындағы бірлесе атқарып отырған жұмыс болса, екінші жағынан ата мен бала арасында қалыптасқан жылы қарым-қатынас. Мұндай байланыс өскелең ұрпаққа ұлағатты өнеге болары сөзсіз.
Жуықта жер-жерлерде жылылық пен мейірімділікке толы мейрам – Халықаралық қарттар күні аталып өтті. Осы орайда, Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округінің қарттары үшін де ауыл әкімінің бастамасымен үлкен мереке ұйымдастырылды.
Округ әкімі Дәурен Бақытжанұлы Қойгелдин ел тізгінін қолға алғаннан бері ауыл қарттарына ерекше көңіл бөлініп келеді. Қариялар үшін «Көгілдір алау» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырып, өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналған. Биылғы жылы да 5 қазан күні Преображенка ауылының «Тілек» кафесінде округ зейнеткерлеріне арналған «Көгілдір алау» атты мерекелік шара өткізіліп, кең дастархан жайылды. Ауыл өнерпаздарының орындауларында әннен шашу шашылып, биден алқа тағылды.
Мерекені округ басшысы Дәурен Бақытжанұлы құттықтау сөзімен бастап, қарияларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей келе, өз сөзінде қариялар жас буынға аса қажет екенін, зейнеткерлер мемлекет назарынан еш уақытта тыс қалмайтынын, қандай да бір көмек қажет болса, заңнама аясында көмек көрсетілетіні жөнінде айтып өтті. Аталмыш мерекеге Көкпекті ауданының Жұмыспен қамту, әлуеметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бастығы Бақыт Есімханқызы Оразғалиева қатысты. Бақыт Есімханқызы селолық округіміздің қарияларын құттықтап, жылы лебізін білдіре отырып, мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақылар жайлы түсіндіріп өтті.
Округ әкімі, бөлім басшысы және әкім аппараты мен ауыл клубының қызметкерлері ата-әжелерімізді ортаға шығарып, олармен бірге би билеп, қосылып ән айтып, ерекше құрмет көрсетті. Айрықша ілтипатқа ие болған ауыл қарттары жас та болса, бас боп отырған ауыл әкіміне зор алғыстарын білдіріп, риза болып, баталарын беріп тарқасты.
Ата-ананы сыйлау, құрметтеу, қарттарға қайырымдылық жасау - халқымыздың ежелден қанына сіңген асыл қасиеті, қазақтың ұлттық коды. Осы ұлттық қасиетімізді саф қалпында кейінгі өсіп келе жатқан ұрпағымызға табыс ету біздің басты міндетіміз. Алатаудың шыңдарындай бастарын ақ шалған қарияларымыздың қатары сиремесе екен деп, әркез тілеп жүрейік!

М.Өмірханқызы, бас маман

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз