Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Отанымыздың өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікте тыныш өмір кешуіне ардақты да аяу-лы қарттарымыздың қосқан үлесі зор. Қарттар күні - саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі деп білеміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа теңдессіз үлгі-өнеге. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Үлгілімалшы селолық округінде 1 қазан мен 1 қараша аралығында қайырымдылық айлығын өткізу бойынша жоспар құрылып, соған сәйкес жұмыстар басталып кетті.


Үлгілімалшы селолық округінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттар - тарих, қазына, ел қазығы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. «Бекзат» шаруа қожалығының басшысы Б.Бақатбаевтың демеушілігімен округке қарасты 4 елдімекеннің үлкендеріне арналып ақ дастарқан жайылып, құттықтау тілектер арналды. Шара барысында құрметті қонақтарға арналып ән мен биден шашу шашылды. Мерекеге жиналған қазыналы қарттарымыз бірін бірі көріп, ел амандығын сұрасып, мәре-сәре болды.
Округ әкімі Мерей Нығметжанұлы ақ дас-тарқанға жиналған асыл қарттарымызға құттықтау лебізін арнап, жылы көңілін білдірді. Сонымен қоса, ауыл әкімі көп балалы ана К.Үзікбаеваның үйіне арнайы кіріп, сый-сияпат ұсынды, құрмет көрсетті.
«Ақылды қария – ағып жатқан дария» деп тегін айтпаса керек. Имандылық, ұрпақ тәрбиесі, ауылдың береке-бірлігі тілге тиек етілген, баталы тілектер айтылған, әсем ән шырқалып, көңілді би орындалған өнегесі мол, маңызы зор мерекелік басқосу осылай өз бастауын алды..
Асыл қарттарымыз – ұлы бәйтерек болса, біз соның бүршігіміз. Ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын!

М.Мұратқанқызы, клуб меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз