«Мемлекетіміздің басты байлығы – ұрпақ саулығы» деп Елбасымыз айтқандай, халықтың денсаулығы басты қазынамыз екендігі рас. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынып, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Елбасы биылғы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысатын қазақстандықтардың санын 30 пайызға жеткізуді тапсырған болатын.
Осыған байланысты рес-публика аумағында түрлі үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, спорттық жарыстар, фестивальдер ұйымдастырылуда. Біздің өңір де айтулы істерден қалыс қалып жатқан жоқ.
Самар ауылдық округінде «Біздің денсаулығымыз өз қолы-мызда!» ұранымен өткізілген шараға ауылдағы барлық мекеме ұйымдары мен ауыл жастары белсенділік танытты. Жаппай жүгіруден басталған фестиваль соңы спорттық шараларға ұласты.
Фестивалдің ашылу салтанаты орталық алаңда өтті. Самар округі әкімінің орынбасары
Г.Мажибаева, спорт ардагері М.Марденов, жас-тар атынан Самар агротехникалық колледжінің студенті Хоу-Цзон-Лин Мират қатысушыларды құттықтап, жарыста сәтілік тіледі. Орталық стадионда және модуль жанындағы стадион-да бұқаралық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Спорт модулі алаңында мекемелер арасында көңілді старттар өтті. Оған Самар ауылындағы мекемелерден 5 команда қатысты. Әсіресе, белсенділік танытқан «Дәншік» балабақшасы, «Самар арнайы қызмет көрсету орталығы», Самар №35 өртке қарсы мекемесінің жігіттері, Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп-лицейі және Самар Жасөспірімдермен балаларға арналған спорт мектебінің ұжымы белсенділік танытты.
8 кезеңнен тұрған жарыста, бірінші орынды Самар ЖБСМ ұжымы, екінші, үшінші орынды «Дәншік» балабақшасы және Самар №35 өртке қарсы мекемесі, Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп-лицейі иеленді. Белсенділікпен көзге түскен «Самар арнайы қызмет көрсету орталығы», төртінші орынды қанағат еті.
Оқушылар мен студент жастар арасында жас ерекшеліктеріне қарай жеңіл атлетикадан жарыс өтті. Жарысқа қатысушыларға мақтау қағаздары табыс етілді.
Сауых Ерназар, жетекші маман
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.