Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудандық Орталық мешіттің бас имамы Нұрнәсір Дүйсеннің бас-тамасымен, мұсылман жамағаттың күшімен қасиетті Құрбан айт мейрамының бірінші күні жылдағыдан ерекше ұйымдастырылды.
Мешіт жамағаты айт намазынан соң бұл күнді дін мен спортты ұштастыруға арнапты. Мешіттің бас имамы Нұрнәсір Дүйсенмен болған әңгімеде ол: «Құрбан айттың бірінші күнін өзгеше етіп өткізу үшін өзара ақылдастық та жастар арасында 4 шақырым қашықтыққа жаяу жүгіру және қазақ күресінен жарыс өткізейік деп шештік. Ондағы мақсатымыз, осындай шаралар арқылы жастар арасында өзара сыйластық пен достық қатынас орнату арқылы құрбан айттың қасиетін арттыру.

Төл спортымыз қазақ күресін насихаттау, өскелең ұрпақтың қызығушылығын жоғарылату, аудан спортын дамытуға үлес қосу, сол арқылы ауданның беделін көтеру. Егер жастарымыз жаппай спортпен шұғылданса, жүректерінде жақсы істерге деген ынтызарлық оянса - бұл біз үшін үлкен табыс. Сонымен бірге, біздің жеңімпаздарға даярлаған сыйақыларымыз да бар. Оның барлығын мешіттің өз қаражатынан шығарып отырмыз», - деді.
Осы мезетте екі өкпесін қолдарына алған желаяқтарымыз да мәреге табан тіреді. Келесі кезекте спорт кешенінде белдескен балуандар ішінен «Түйе балуан» атағына Ө.Төлеубеков, ІІ-орынға Д.Тұқышев, ал ІІІ-орынға Серікқали қажы табан тіреді. Жаяу жарысқа қатысқан ер балалар арасынан Қ.Донбаев ІІІ-орын алса, ІІ-орын Н.Құнанбаевқа бұйырды. І-орынды М.Анарбаев бағындырды. Жаяу жарысқа қатысқан қыздар арасынан ІІІ-орынды А.Ерғазықызы мен Н.Қалиакпарова алса, ІІ-орынды А.Ибрагимова еншілесе, І-орынды М.Өмірбекова қанжығасына байлады. Жарысқа қатысып, жүлделі орынға қол жеткізген мешіт жамағатының бәрі ақшалай тағайындаған сыйлықтарға ие болып, мәртебелері өсіп қайтты.
Сондай-ақ, Бас имам Құрбан айттың бірінші күні Алла разылығы үшін құрбан шалған ауыл азаматтары, мешіт жамағаттары Х.Фахрутдинов пен С.Ибраимов екі бас ірі қара малды құрбандыққа шалғанын жеткізді. Құрбан шалынған қасиетті мал еттерін ауыз тигізу, сауабын алу үшін, ауыл әкімшілігі берген тізім бойынша 30 көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына таратып берілді. Нұрнәсір Дүйсен осы іс-шараларға белсене атсалысып, қаржылай да рухани жағынан да қолдау көрсеткен азаматтардың баршасына алғыс білдірді. Олардың аттаған қадамдарына нұр жаусын! Алла отбасыларына амандық, денсаулық, бақ-береке берсін деген тілегін айтты.


Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз