Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазіргі кезде әр адам өзі қалаған шаруашылықпен айналысып, жеке кәсібін аша алады. Мақсаты, әрине, кәсібінен адал нәсіп алу ғана емес, айналаға аз болса да пайда тигізу болып табылады. Ал, ол үшін адамға бар болғаны ниет пен бірбеткейлік, еңбекке деген құлшыныс қажет. Ойдағы ісіңізді бастауға қажетті қаражатыңыз болса, кәсібіңізді дәл қазір бастасаңыз да сізге ешкім кедергі бола алмайды.


Бұл Белое ауылының тұрғыны Ержан Қабанбаевтың пікірі. Бір жыл бұрын Күршім ауданынан көшіп келген Ержан Сұлтанғазыұлы керекті жабдықтарды алып, ағаш өңдеу цехын ашты.
Шаруашылықты дамудың ең тиімді тәсілдерінің бірі – ол ағаш өңдеу цехын ашу, - дейді кәсіпкер. – Себебі, ағаш өңдеу – пайдалы, ең бастысы, қалдықсыз өндіріс түрі. Мысалы, бір ғана ағаштан орта есеппен 5-6 тақтай алуға болады. сосын одан шатырлар мен төбелердің құрылысында пайдаланылатын жалпақ бөренелер жасалады. Ал, олардың өндірістік қалдықтары әсіресе, жылдың суық мезгілінде сұранысқа ие. Оларды отын ретінде сатуға болады. Бүгін жұмысымның екінші күні. Қазірден-ақ ауданның әр түкпірінен тапсырыс түсіп үлгерді.
Бір миллион теңгеге жуық қаржы жұмсап, жұмыс бастаған кәсіпкер қолға алған ісінің табысқа жетелейтініне сенеді. – Әр еңбек ауылдастарыңа көмегіңді тигізе алғанда ғана игі болмақ. Мұнда бағалар қаламен салыстырғанда әлдеқайда төмен болады, - дейді Ержан Сұлтанғазыұлы.
Ал, алдағы уақытта, нақтырақ айтар болсақ, күз мезгілінде Ержан Сұлтанғазыұлы көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтуді жос-парлап отыр. Яғни, шығарылатын шикізаттың мөлшерін көбейту, тұрғындарға қысқы отын дайындау сияқты бірқатар шаруаларды қолға алмақшы. Бұл жердің ауыл халқы үшін тағы бір пайдалы тұсы қосымша жұмыс орындарының ашылуы болып табылады.

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз