Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тассай округінде де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Дидар» газетінің арнайы шығарылымы таратылуда. Медициналық сақтандыру жүйесі – бүгінгі таңдағы ең өзекті тақырып болғандықтан, қарапайым әрі түсінікті тілмен жазылған арнайы шығарылымнан халық өздерін толғандырған көп сұрақтардың жауабына қаныққаны анық.
М.Жадрин, жетекші маман

Тассай ауылының тумасы Тұрлыбеков Саяхат ауылымызға келіп «Ауылды аңсау» атты ән кешін өткізді. Бұл кеште ауылдық мәдениет сарайының іші келген қонақтар мен тұрғындарға лық толды. 

Саяхаттың әндері – ай деп тамсана күтіп жүретін ауыл тұрғындарының құлақ құрышын әдемі әндерімен сусындатқан әншіні жұртшылық ду қол шапалақпен қызу қолдап отырды. Көкпекті ауданы Жастар орталығының директоры Азамат Серікұлы, көкпектілік ақын Манарбек Ақанұлы, Нұрлан Қайратұлы арнайы Саяхаттың ән кешіне қонаққа келіп, сыйлықтарын табыс етті.
Саяхатқа «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының бірінші орынбасары Гүлбаран Майлыбайқызы Ақшабаева және Жастар орталығының директоры Азамат Серікұлы Калыков Алғыс хаттар табыстап, жерлестерінің атынан ыстық ықыластарын жеткізді. Өз кезегінде Азамат Серікұлы Саяхатқа болашақта өнер аспанында қырандай қалықтауын, әр кез биіктерден көрінуін тілеп, қолдайтынын жеткізді.
Тассай ауылының әкімі Ержан Құдайбердіұлы өнер иесін өз тарапынан алғыс хатпен марапаттап жылы лебізін арнады. Әсем әуеннің рахатына бөленген тассайлықтар кештен рухани азық алып, дән риза болып тарасты.

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз