Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

19 қаңтар күні Құлынжон ауылдық округінің әкімі Ш.Шайыргазина Көкжыра ауылы тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Амангелді орта мектебінің акт залында өткен есеп беру кездесуіне аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев қатысты. Кездесуге барлығы 32 адам келсе, оның ішінде бес шаруа қожалығының басшысы, 14 мұғалім және зейнеткерлер мен ауыл тұрғындары бар.
Бірінші болып сөз алған округ әкімі өткен жылдың қорытынды көрсеткіштеріне тоқталды. Шәмшібану Шайзадақызы Көкжыра ауылына қатысты негізгі мәселелерді де тарқатты. Жарыссөзге шыққан тұрғындар кездесу көркін қыздырды.


Ұзаққа созылған есептік кездесу барысында ауылда қордаланып қалған мәселелер тілге тиек етіліп, біршамасы бойынша аудан өкілі Бек Нұғыбаев түсініктеме берді. Бек Назарбекұлы тұрғындардан түскен сұрақтарды кеңінен тарқатып, ауылда кәсіпкерлікті дамыту тетіктерін әлі де болса тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жандандыру керектігіне назар аударды.
Мектеп директоры Г.Бибосынова көпшілікті таңғалдырды. Білім сапасынан көрсеткіштері жоғары, спортта алдыңғы қатардан көрініп жүрген мектепте бұл күні іске жарамды екі компьютер ғана бар екен. Білім беру бөлімінің құлағына алтын сырға.
Бұл күні ағынан жарылған ауыл тұрғындары көптен бері қордаланған түйінді мәселелерді егжей-тегжейлі тарқатты. Мектепке, жалпы ауылға ғаламтор желісін тарту, жастарға арналған спорт алаңын жасау, хоккей қорапшасын салу, шаңғы және коньки жабдықтарымен қамту сұрақтары көтерілді. Ауылдың бір оқушысы биылғы жылы спорт шеберлігіне үміткер атанған. Бұл осындағы үстел теннисінің қаншалықты дамығанының айқын көрсеткіші. Бірақ, ауылда стандартты теннис үстелі жоқ. Бұл да қолбайлау.
Клуб меңгерушісі жөндеу жұмысын жүргізу керектігін айтып, музыкалық аппаратура сұрады. «Аслан» шаруа қожалығының басшысы Алтынбек Смағұлов халық саны жағынан Құлынжоннан кем емес Көкжыра ауылына әкімшілік тарапынан жауапты бір өкіл керектігін алға тартты. «Серік» шаруа қожалығының басшысы Асқар Қажығалиев сүт цехын ашу бойынша жүргізілген жұмыстарын баяндап, оны іске қосуда тап болған қиындықтарын жеткізді.
Ауылда шешілмеген мәселе көп, әрине. Дегенмен, бірігіп атқарса алынбас қамал жоқ екені тағы айқын. Жергілікті әкімшілік бастап, халық қолдап әкетсе, ертең-ақ туған ауыл түлеп шыға келері сөзсіз. Ежелден бері еңбекқор халқымен ерекшеленген Көкжыра ауылының алар асулары алда.
Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз