«Ағайын тату болса, ат көп», - дейді қазақ мақалы. «Құдайбергенов» шаруа қожалығын ұстап отырған ағайынды Құдайбергеновтердің басты ұстанымы да осы. Шаруашылықтың «алып кел, шауып кел», құжаттары жұмысымен Ришат Кәртайұлы айналысса, жалпы басқару тізгіні ағасы Әнуарбектің қолында. «Мен бас инженермін ғой, бастығымыз Ришат», - деп қояды ол кісі. Аулада, үй маңында тізілген техника. Бір тракторды ортаға алған үш-төрт азамат техниканың «ішек-қарнын» ақтарып жатыр. Тағы да қалың жаңбыр келе жатыр деп аспанға қарап қойған Әділбек ағай, шөп орағының басталмай тұрғанына қынжылады. – Техника сақадай сай, күн ашылса болды, шабындыққа аттанамыз. Ал қазіргі шаруамыз сол, күніне бір барып шабындықты аралап қайтамын, - дейді. Жалпы 56 гектар шабындықтың 40 гектары шабылып, жиналған, енді азғана жерді ғана шауып, жинап алсақ болар еді дейді шаруашылық жетекшісі.
Жалпы шаруашылықта 1200 гектар егістік бар. Оған бидай, арпа, күнбағыс егеді. Техникалары түгел жаңа, алдағы күндері тағы да бір комбайн астып алу жоспарда бар. Алты механизатор тұрақты жұмыс істейді. Шаруашылықтың 130 бас сиыр малы мен 110 бас жылқысы, қойыТабақбай жайлауын жайлап жатыр. Мал күйлі.Оларды төрт адам кезекпен бағады. Еңбекақылары малшылардыкі тұрақты болса, механизаторлар еңбек өнімділігне қарай жалақы алады. Механизаторлар қатарында Р.Асаубаев, Т.Нұрпейісов, Е.Дүсіпов, бригадир-тәлімгер Қ.Қошқаров және өзінің ұлдары Бекзат пен Жиенбек бар. Жиенбек жақында ғана диплом алып келді, енді ауылда қалып, әкесі мен ағаларының ісін жалғастыратын болады. Малшылар Р.Асаубаев, С.Дәулетбаев, М.Бақырбаев, С.Аймұханбетов жаз жайлауда, қыста ауылда мал қоңының үнемі жоғары болуы үшін тер төгеді. Жаздай төккен маңдай тердің өтеуін күзде көреді. Шаруашылық толықтай жем-шөп, отын-сумен қамтамасыз етуді дәстүрге айналдырған.
Шаруашылық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша қаншама жұмыс атқарады. Округте өтетін игілікті шаралардан тыс қалған емес. «Сонымен бірге, өзіміздің қамқорлыққа алған отбасымыз де бар. Біз оларға үнемі отын, көмір, малдарына азық береміз, басқа да материалдық көмек көрсетеміз», - дейді Әнуарбек Кәртайұлы.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.