Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

22 желтоқсанда Көкпекті аудандық кітапханасында «Жастар – болашақ энергиясы» атты дәстүрлі жастар форумы өтті, оған аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысты.
Шараны аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Кездесуге жастар мәслихатының депутаттары, жастар саясаты жөніндегі мамандар және түрлі қызмет салаларында еңбек ететін жастар қатысты. Форумның мақсаты - ауыл жастарын жыл бойы белсенді қоғамдық жұмысы үшін марапаттау, Жастар ресурстық орталығының 2023 жылы атқарған жұмысын қорытындылау және болашақ жоспарларын ұсыну, жас-тар саясаты мамандары мен белсенді жастармен диалог жүргізу.


Кездесу аясында аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы сөз сөйледі. Өз сөзінде ол жастардың аудан дамуындағы рөлін айта келе, осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ аудан басшысы жас мамандарға көрсетілетін қолдауға және оның шеңберінде жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларға егжей-тегжейлі тоқталды.
Атқарылған жұмыстар мен болашаққа қойылған жоспарлар туралы баяндаманы Көкпекті ауданының жастар ресурстық орталығының директоры Алижан Алымжанұлы Артықбаев ұсынды.
- Біздің ауданда жастардың жалпы саны 2 309 адамды құрайды. Осы жылы біз 70-ке жуық іс-шара өткіздік. Оның ішінде ең ауқымдысына тоқталамын.
Абай облысы Семей қаласынан арнайы «Отбасы банк» өкілдерін шақыртып, жергілікті атамекен кәсіпкерлік палатасы және экономика бөлімінің маманымен жастар мәселесін анықтауға бағытталған «Жастар керуені» атты бағдарламалық түрде өтетін жастармен кездесу өткізіп, 9 ауылдық округтерге іс сапармен барып, түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жаяу әскер жедел марш-2023» спорттық жарысы, аудандық дәрежеде өтті, мектеп оқушыларын тағы бір әскери тақырыпта, ширатып қызу тартысты сайыс өткіздік. Бұл сайыс жастардың патриоттық рухын күшейту және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Наурыз мерекесінде орталық «Ұлы дала елі» алаңында ұлттық ойындарды насихаттап, қазақи ойындармен жарыстарды жандандырдық мәселен қой көтеру, бауырсақ батл, асық ату атты және т.б сайыстар ұйымдастырылды.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін де жоспардан тыс қалдырмадық, әлеуметтік желіде бірнеше рет және Талап кәсіптік орталығында ауыл тұрғындарына арнайы түсіндірме және сұрақ - жауап жұмыстарын өткізген болатынбыз.
Жастар күні арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен және мәдениет үйінің қызметкерлерінің қатысуымен концертпен жастарға арналған от шашу және аудан тұрғындарына мерекелік би кеші өткізілді.
1 маусым балалар мерекесіне орай «Тәтті күлкі» акциясы ұйымдастырылып, ауданның балаларына тәттілер таратылып, балалар тақпақ, өлеңдерін айтып, ойыншықтар таратылды.
«Бар мейіріміміз балаларда» атты іс-шарасы арнау-лы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының балаларымен өткізілді. Оларға тәттілер мен ойыншықтар табысталып, Жастар маслихаты депутаттарының демеушілігінен кілем сыйға берілді.
Жыл басында «Көктем аруы-2023» атты Көкпекті ауданының аруын анықтап, жас қыздардың сұлулық пен шығармашылық сайысын өткіздік.
8-наурыз осы мереке аясында жас қыз келіншектер мен аналарымызды және әжелерімізді құттықтап, өнерлі ер-азаматтарымызбен, орталық көшелерді аралап гүл шоқтарын сыйлап ән шырқап, қыз-келіншектеріміздің көңілін көтердік.
Қаңтар айымен желтоқсан айы аралығында әр сенбі жастарға 15 мәрте отандық кино кешімен балаларға мультфильм көрсетілімдерін өткіздік. 15 мәрте өткізілген кино кеші, осы орайда жастармен үлкендеріміздің бос уақытын қамтып, әр түрлі отандық кино, фильм, комедияларын көрсетіп және тұрақты түрде балаларға мультфильм көрсетілімдерін арнайы қойып келеміз.
9 рет ата-әжелеріміздің үйінің қарын күреп, көмір кіргізіп еріктілер қызметін көрсеттік.
5 мәрте өткізілген интеллектуалды Мафия ойыны, ауданның әртүрлі саласындағы жас мамандарымыздың басын қосу мақсатында ойын түрін қолға алып, әр ойын сайын жаңа жастармен танысып, жас буынның таныстығын арттыруға өз үлесімізді қостық.
3 рет өткізілген стрит воркоут, ер балалар арасында ұйымдастырылып өткен спорттық жарыс, барлық спорт аясында жүрген жастарымызға жаңа леп әкелетін іс-шараға айналды. Алдағы уақытта осы бағыттың ірі-шарасын ұйымдастыруды жоспарлаудамыз. Осы жарыс әрдайым қаржылай марапатталып, қатысушылар санын арттырып келеді.
10 мәрте өткізілген ДНД, түнгі рейд жұмыстары жастар ресурстық орталығы және аудандық полиция бөлімімен ұйымдастырылуда. Мақсатымыз жастардың кешкі және түнгі уақытта қауіпсіздігін бақылау, саябақтарға барлау жұмыстарын жүргізіп, заң бұзушылықтың алдын алу.
Бірнеше рет Еңбек адамы бағдарламасының шығарылымдары жүргізілді. Бұл бағдарламалық бағытта өткізілетін іс-шара Көкпекті ауданының көп көзге түсе бермейтін еңбек адамдарын оқырмандарға көрсету, көп назарға ілікпесе де өзіндік маңызымен орыны белгіленген жас кәсіпкерлерімізді халық алдына шығару, бағалау көрсету.
Қарттар күні қарсаңында «Қарттарым - асыл қазынам» атты ең әдемі мерекелеріміздің бірінде ауылымыздың ата апаларын құттықтап, сыйлық беріп, қарттарымызды қуанттық.
Аудандық Квиз ойыны, бұл ойынға Абай облысы Семей қаласынан арнайы жүргізушіні шақыртып, ауылдардан қатысушы командаларды қатыстырумен ойлау, тапқырлық сынды сұрақтар мен жауаптар аясында өткен ойынды тағы бір мәрте тұрғындарға көрсеттік.
Сондай-ақ ол аудандық Жастар ресурстық орталығы және біздің белсенді жастар жүзеге асыратын болашақ жоспарлары туралы айтты.
Ең бірінші жоспарымыз Көкпекті ауданының «Жайдарман» лигасын жаңарту.
Облыстық лига ауданның атынан командалар дайындап шығару.
Экологиялық акциялар қазіргі таңда нақты қажет акциялардың бірі, алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды тоқтаусыз қолға алу жоспар көшінде десекте болады.
Көкпекті аруы – 2024 сайысын жас қыздар арасында аудандық дәрежеде өткізу.
Жастар керуені-2024 бағдарламасын аудандық түрде 9 ауылдық округті аралап өткізу.
«Жас тұмарлар» концертін ауыл тұрғындары үшін, яғни, өнерге қатысы жоқ әртүрлі сала қызметкерлерінен құралған, концерттік топты, ауданымыздың шалғай ауылдарына дейін апарып концерт қою.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының балаларына осы алдағы жылы көп назар аударуды жөн көріп, әртүрлі қаржы талап ететін іс-шаралар жүргізу. Мақсатымыз - балалардың өзгелермен теңдігін сезіндіру.
Біздің аудан тұрғындарына стандартты емес форматта кино көрсетілімдерін беру үшін автокинотеатр жұмысын жандандыру жоспарлануда. Ағымдағы жылы біз бұл жоспарларды жүзеге асыра алмадық, қажетті жабдықтар жаздың соңында кеш келді. Сондықтан бас-тама 2024 жылға ауыстырылды.
Осындай ауқымды іс-шаралардан басқа да жұмыстар жоспар бойынша жүргізілетін болады. Мәселен түнгі рейд, еріктілік қызметі, жастардың бос уақытын әртүрлі ойындармен қамтамасыздандыру, игі істер марафоны және т.б.
Осы жыл ішінде алғаш рет Жарма ауданында өткен облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек маусымының жабылуы өтіп, қорытындысы бойынша Көкпекті ауданы «Жастар ресурстық орталығы» Үздік акция аталымының иегері атанып, жеңіп алдық.
Сонымен қатар айта кететін, мақтанатын жаңалықтардың бірі, барлықтарыңызға мәлім «Қыздар емес» жайдарман құрамасы 2023 жылғы республикалық «Жайдарман» ойындарының чемпионы атанды.
Жеңіске жеткен «Қыздар емес» командасының Еркін Байсеитов және Ермек Аздарханов атты екі қатысушысы Көкпекті ауданы Көкжайық ауылдық округінің тумалары. Олар 2014 жылы «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен осы аудандық Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде алғашқы ойындарының бірін көрсеткен болатын.
Алижан Алымжанұлының сөзінен кейін белсенді жастармен диалог өрбіді. Қатысушылар Жастар үйін ашу, жаңа демалыс орындарын құру, тренажер залын ашу, жастардың бос уақыттарын ұйымдастыру туралы сұрақтар қойып, түрлі экологиялық проблемаларды қозғады.
Сондай-ақ форум аясында аудан жастарының үздік өкілдерін алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі өтті.
Сол күні кешке аудандық «Жас тұмарлар» концерті өтті, оған түрлі саладағы жас мамандар қатысты. Олар ән шырқап, би биледі. Сонымен қатар сахналық қойылымдар көрсетті. Жақын арада мұндай концерттер шалғай ауылдарда да өтеді.


МАРАПАТТАЛҒАНДАР ТІЗІМІ

Е.С. Увалиева, жалпы тәжірибелік медбике
И.А. Клаубаев, электр энергиясын бөлу және есептеу инженері
С.А. Төлеуғажы, Қ.Аухадиев атындағы а/о ветеринарлық орталықтың меңгерушісі
О.Қ Қапасов, Қ.Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әншісі
Т.Б. Смаилова, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы
Н.Б. Мыңбаев, «Ағаш өңдеу» үйірмесінің жетекшісі
К.Т. Советов, Көкпекті ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімі көмекшісі, полиция старшинасы
А.Н. Есеркенова, аудандық оқушылар шығармашылық сарайының дизайнеры
Д.Кеней, көлік жүргізуші, азаматтық қорғау органдарының қызметкері, сержант
Ш.К. Кенжалина, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің жастар саясаты жөніндегі маманы
Р.С. Даутбекова, Тассай ауылдық округінің жастар саясаты жөніндегі маманы
Е. Жабаев, спорт шебері

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз