Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан орталығында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. 15 тамыз күні аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелерге арнайы барып, асфальт салу барысымен танысты.

Биылғы жылы аудан орталығы Көкпекті ауылының Авдеев, Уәлиханов, Цепура, Бейсембаев, Фахрутдинов, 12 пәтерлі үйдің төменгі жағы, Кегенбай би көшелерінің жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ауылдық округ әкімі Қайрат Алғазиновтың мәліметі бойынша барлығы 3 шақырым көше жолдарына асфальт салу жоспарланған. Жұмысты жергілікті мердігер ұйым «Көкпекті жолдары» ЖШС атқарады. Жомарт жүректі, елжанды жерлесіміз Гүлназ Нұрғалиева басшылық ететін ұйым ұзақ жылдар бойы ауданда жол салу бағытында тиянақты да сапалы жұмыс атқарып, халықтың алғысына бөленіп жүр.


Бейсембаев көшесіне асфальт төсеу жұмыстарымен танысқан аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы ауылдық округ әкіміне жобаның сапалы әрі уақытында аяқталуына бақылау орнатуды тапсырды.
- Ауылдардың жағдайын жақсартып, тұрғындардың тұрмыс жағдайын көтеру үшін қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» жобасы ауданымыздағы елді мекендердің дамуына үлкен серпіліс берді. Осы жоба аясында ел дамуының алтын бесігі болған ауылдарымыз көркейіп келеді. Бұл жоба аясында алдағы уақытта бұдан да үлкен жұмыстар атқарамыз, - деді аудан басшысы.
Жаңадан асфальт салынып жатқан Бейсембаев көшесінің тұрғындары көптен күткен қуаныштарын жасырмады.
- Бұл көшеде асфальт жол ешқашан болмаған. Аудан орталығының осы бөлігінде жер саз балшықты болып келеді. Көктемде қар суымен езіліп, күз айларында жаңбырдан батпағы шығып жатады. Бірінші кезекте оқушы балалар мен олардың ата-аналары қуанатын болды. Сабаққа асфальт жолмен барып қайтады енді. Бүгін аудан әкімі Ділдәбек аға өзі келіп, жол сапасын тексеріп жүргенін көріп, тағы бір қуанып қалдық. Ауылымыз ажарланып, күн санап көркейе берсін, - дейді көше тұрғыны Динара Қабықбаева.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз