Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

7 маусым күні Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан басшысы кезектілік тәртібімен жазылған 12 тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, көкейкесті мәселелерін тыңдады.

 

Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі мемлекеттік бағ-дарламалар аясында грант алу, еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударушыларға қосымша квота қарастыру, тұрғын үй мәселесін шешіп беру, шабындық жер телімін алу және Ажа ауылының бірқатар мәселелерін көтерді.
Ажа ауылынан келген тұрғын-дардың өтініші бойынша ауылдан көшіп кеткен азаматтардың жер телімдеріне талдау жасалып, іс жүзіндегі заң аясында қаралатын болды. Бұл жұмыс аудан әкімінің орынбасары Мақсат Сүйесінов пен жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Алкеновқа тапсырылды. Ажа ауылының елжанды азаматы Қайрат Кенжебаев көше жарығын соңына дейін орнату, электр желісі тартылған трансформаторларды қоршап, тұрғындарға қауіпсіз ету, ауыз су мәселесін шешу, арық суын ауылға тарту, ауыл халқына жайылым және шабындық жерлер бөлу туралы мәселелерді ортаға салды.
Көше жарығы бойынша Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қайрат Алғазинов мәселе шешілетінін айтты. Орталық көшенің соңына дейін орнатылмаған тіректер алдағы уақытта қойылады. Трансформаторды қоршап, тұрғындарға қауіпсіз ету бойынша ВКРЭК басшылығымен аудан әкімі жеке өзі сөйлесіп, нәтижесінде нақты тапсырмалар жүктеледі. Ауыз су мәселесін шешу үшін ауылдан алынған құдық колонкасы жөнделіп, қайта орнына қойылады. Арық суын ауылға тарту үшін құжаттар рәсімдеу қажет. Жер телімін заңдастырып, Су ресурстары комитетінен арнайы рұқсат алу жұмыстарын жасау керектігі айтылды. Жайылым және шабындық жерлер бойынша іс жүзіндегі заңға сәйкес босалқы жерлерден мүлдем жер телімі жоқ азаматтарға мүмкіндігінше қарастырылатын болады.
Аудан әкімі сала басшыларына әлеуметтік мәселелерді мемлекеттік бағ-дарламалар шеңберінде қарап, ұтымды жақтарын ұсыну қажет екенін жеткізді. Ал, тұрғын үй беру заң аясында кезек тәртібімен берілетіні баса айтылып, баспанамен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілетіні жеткізілді.
Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін e-gov порталы арқылы немесе әкімдікке келіп, жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады. Сондай-ақ аудандық әкімдіктің кеңсе бөліміне 2-72-55 телефон нөмірі арқылы және аудан әкімінің кеңесшісі Рауия Алпысбайқызына +77779900870 ұялы байланыс телефоны арқылы хабарласып, қабылдауға жазылуға болады.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз