Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының әкімі Серікқазы Сәдуақасов түрлі салада еңбек етіп,  Ата Заңның үстемдігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген бірқатар жерлестерімізге Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль табыстады. Сонымен бірге, үздік қызметімен танылған 3 жерлесіміз мерекелік төсбелгі иегері атанды.

Аудан басшысы марапат иелерін Қазақстан Рес-публикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл мерекенің мемлекет пен қоғамның дамуындағы және әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлін атап өтті.


- Ата Заңымыз бірлігіміздің тұрақтылығы мен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Мемлекетке қажетті заңдар дер кезінде қабылданып, соның арқасында әлеуметтік-экономикалық және саяси жетілуге жол ашылды. Бүгінде еліміздің әлемдік қауымдастықта жоғарғы деңгейге көтерілгенін мақтанышпен айтамыз», - деді Серікқазы Құсайынұлы.
Жұбандық Болғанбаев атындағы орта мектеп директоры Баян Багисова, аудандық маслихат депутаты Қажет Жүнісбекұлы және жастар орталығының директоры Әлижан Артықбаев аудан әкімінің қолынынан мерекелік төсбелгі алды.
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Конституция-сына - 25 жыл» мерекелік медалімен төмендегі азаматтар марапатталды:
- Сарманов Талғат Манафұлы, аудандық маслихат хатшысы;
- Батраков Владимир Иванович, «Батраков» шаруа қожалығының басшысы;
- Габдуллин Махат Амангелдіұлы, аудандық орталық аурухананың хирург дәрігері;
- Наурызбаева Рауя Алпысбайқызы, ардагерлер кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері.
Серікқазы Құсайынұлы мерекелік марапатқа лайық деп танылған азаматтарға Конституциямыздың тұғырлы қағидаттарын ел экономикасының барлық салаларына бірізді енгізу ісіне қосқан жеке үлестері үшін өзінің шексіз алғысын білдіріп, еңбектеріне мол табыстар тіледі.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз