Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 19 тамызында Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Бақытжанұлы Қойгельдин әкімдік аппараттың жауапты қызметкерлерінің қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау өткізді. 

Қабылдауда аудан азаматтары өздерін мазалаған мәселелер жөнінде ой бөлісіп, тиісті орындардан жауап алды.
Алғашқы болып қабылдауға кірген Көкжайық ауылының тұрғыны Гүлмира Серғазина атаулы әлеуметтік көмекті осы уақытқа дейін ала алмағандығын және денсаулығына байланысты қаладағы ауруханаларға барып қаралуға материалдық көмек көрсетуін өтінді. Қапаланып келген ананың мұңын мұқият тыңдаған Дәурен Бақытжанұлы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айгүл Ботантаеваға тапсырма берді.


Ал Көкпекті ауылының ақсақалы, тыл еңбеккері Советқали Айдарғазиннің көкейінде қордаланып қалған мәселелер көп екен. Атап айтсақ, ауруханада дәрігер мамандардың тапшылығы, «жедел жәрдем» бөлімінің жұмысына қанағаттанбауы, ауыл ішіндегі жолдардың жағдайы, тұрғын үй және қаңғыбас иттердің кесірін тілге тиек етіп, біршама өзекті мәселерді шешуге көмек сұрады. Ақсақалдың арыз-шағымына Дәурен Бақытжанұлы нақты жауаптарын берді.
Сондай-ақ, Көкпекті ауылы Лермонтов көшесі 38, 39 үйлердің тұрғындары 3 ай бойы әлі шешімін таппай келе жатқан кәріс жүйесіндегі судың мәселесімен келді. Оған қоса, бүкіл аулаға дейін қолқаны алып жатқан жағымсыз иістің зардабын тартатын тұрғындар бар шағымын назарға ала отырып, мәселені қатаң бақылауға алуды Дәурен Бақытжанұлы Көкпекті ауылы әкімінің орынбасары Нина Укешоваға тапсырды.
Сонымен қатар, қабылдауда Теректі ауылы-нан Диана Садықова, тассайлық Алтынай Рахимбердина, Семей қаласынан келген Илья Смоляженконың мәселесі тұрғын үй болды.
Қабылдау соңында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Бақытжанұлы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың шешімін жан-жақты қарап, кейбір мәселелерді әкім аппаратының жауапты қызметкерлері мен аудандағы мекеме басшыларының құзырына белгіленген уақыт мерзімінде орындауды қадап тапсырды.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз