Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жаз мезгілінде ауылда уақыт зымырап тез өтеді. Жақында ғана егістік жұмыстары аяқталған еді, енді міне астық жинау кезі де келіп қалды. Биылғы ауа-райының қолайсыз болуына қарамастан, ауыл шаруашылық ұжымдар алқаптарға мол астық өсірді. Бұл қажырлы еңбектің, заманауи техниканы қолданудың, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясын сақтаудың нәтижесі.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 2018 жылғы 16 тамызда берген деректеріне сәйкес ауданда мал азығын дайындауда жоспар бойынша жүз алпыс үш мың тонна шөп дайындалды. Нақты мәні жүз жиырма алты мың тонна немесе 77,3 % көрсеткішті құрады. Пішендеме дайындау жоспар бойынша он екі мың екі жүз тоннаны құрады, шын мәнінде бұл жүз пайызды құрайды. Сүрлем дайындаудың жоспарлы көрсеткіші қырық төрт мың тонна, нақты мәні он екі мың тонна немесе 28% - ын құрайды. Сабан дайындаудың жоспарлы көрсеткіші бес мың тонна құраса, нақты жиналғаны бір жарым мың тонна немесе жалпы көрсеткіштің 30% құрайды.


16 тамыз күні «Жұлдыз Новая жизнь» газетінің тілшілері «Алекс» шаруа қожалығына барып,биылғы егін орағы жұмыстарына куә болып, кәсіпорында астық жинау қалай өтіп жатқандығы туралы мәлімет алдық. Ал «Алекс» шаруа қожалығының иелері Александр Макаров пен Александр Бойков. Шаруашылық аумағында бидай мен күнбағыс өсіріледі. Бидай алқабының жалпы көлемі шамамен 1000 гектар ал 800 гектар аумаққа күнбағыс егіліпті.Олардың иелігінде бір ғана алқап емес, бірнеше үлкен жер телімдері тиесілі. Бізді «Алекс» шаруа қожалығының серіктесі Александр Викторович Макаров қарсы алып,егін жинаудың ағымдағы нәтижелерімен таныстырды.
- Қазіргі таңда шаруашықта 122 гектарға егілген өнім жиналды. Салынған бидай сұрпы Омская 18. Бұл сұрып құрғақшылыққа төзімді, жаздық жұмсақ бидай түрі. Ол мейлінше, біздің климаттық жағдайларға сәйкес келеді. Айта кетейік, биылғы жылы ауа-райы аздаған қолайсыздық тудырды. Қыс мезгілінде қардың аз жаууы, жазғы кезеңде жауын-шашынның аз түсуі күзде алынатын астық көлеміне әсер етеді. Бұл кедергілерге қарамастан, гектарынан10 центнер астық жинауды жоспарлап отырмыз деді, Александр Макаров.
Егін жинау науқаны кезінде техникалық жабдықталуы маңызды роль атқарады. Ал бүгінде егіс танаптарында бірнеше жыл бұрын сатып алынған жаңа техникалар жұмыс істеп жатқандығын Александр Викторович атап өтті. Барлық ескі техникалар сатылып кеткен.Қазір шаруа қожалығының алқабында Беллоруссиядан шығарылған 2 комбайн, егістік жұмыстары үшін К-700 тракторы және орылған өнімді тасымалдайтын төрт ресейлік Камаз көлігі жұмыс істейді. Сондай-ақ екі комбайншы, төрт Камаз көлігін жүргізуші еңбек етуде. Шаруашылықта техникамен егістікті қараусыз малдан қорғайтын күзетші, жұмысшыларды тамақпен қамтамасыз ететін аспаз бар.Жұмысшылардың алқапта алаңсыз еңбек етуі үшін барлық жағдай жасалған. Екі мезгіл ыстық тамақ беріледі және ауыз су да жеткілікті. Демалып, тамақтанатын дала қосы өздерімен бірге жүріп отырады.
- Сондай-ақ бізде астықты сақтауға арналған арнайы қоймамыз бар, - деп әңгімесін жалғастырды Александр Викторович. Бірінші кезекте алғашқы өңдеу үшін өнім элеваторға жеткізіледі. Сол жақта кептіріліп, астықты дұрыс сақтауға қажетті жұмыстар жүргізіледі. Астық сақтайтын арнайы қоймаға әкелініп, осы жерде сақталатын болады. Өнімді сату тек қажеттілік болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Егер қаржылық қажеттілік туындамаса, барлығы арнайы қоймада сақталады. Үкімет тарапынан бөлінетін субсидияларға аса көп үміт артпаймыз. Әрине, тиісті құжаттарды ресімдей отырып бөлінген қаржыландыруды аламыз. Бірақ, бірінші кезекте, біз өз күшімізге сенеміз. Жұмыс кезінде техниканың бір бөлшектері сынады, бұзылған жерін жөндейміз, бірақ одан ешкім сақтандырылмаған. Қазір мұндай жағдай бізде өте сирек болады, ал егер болса да, оларды біз барынша тез жөндеуге тырысамыз. Қайта, ауа-райы жағдайлары үлкен қиындықтар туғызады. Ауа-райы ашық күндері егін ору жұмыстары қарқынды жүреді, ал егер жауын болған жағдайда барлық жұмыс тоқтап тұрады. Тамыз және қыркүйек айларында ауа-райы жауын-шашынсыз ашық болса, онда біз егін ору жұмысын тезірек аяқтаймыз - деді дихан.
Шаруашылықта көктемгі егістік жұмыстары мамыр айында басталады. Бұл уақытта ауа температурасы көтеріліп, көктемгі егу жұмыстарына дайын болады. Александр Викторович Макаровтың айтуынша, егіс әрдайым агрономиялық білімге сүйене отырып агротехникалық талаптарды тиянақты атқарумен жүргізіледі. Ол ауылшаруашылығы саласының маманы болғандықтан,егін егу науқанында егіс танаптарындағы барлық тиісті жұмыстарға жетекшілік етеді. Күнбағыс және бидай өсіру шаруашылығында арам шөптерді жою үшін гербицидтер және өсімдіктерді азықтандыру және топырақтың құнарлығын арттыруда түрлі тыңайтқыштар пайдаланылады.
«Алекс» шаруа қожалығы осыдан жеті жыл бұрын құрылған, бүгінде тәжірибелі шаруа қожалығының бірі. Ауданның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға өз үлесін қосуда. Александр Макаров пен Александр Бойков мектеп қабырғасынан басталған достық қарым-қатынастарын жалғастырып келеді. Шаруа қожалығының жұмысын дамытып, еңбек өнімділігін арттырып, табыстарын еселеуде аянбай еңбек етуде.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз