Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Рамиль Сағандықов ветеринария саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, болашақ іс-қимылды анықтауға арналған кеңес өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, мәслихат хатшысы, қоғамдық кеңес төрағасы, ветеринария бөлімінің басшысы, жергілікті полиция қызметінің басшысы және де ауданда ветеринария саласына тиісті қызмет өкілдерінің барлығы қатысты. Күн тәртібінде аудандағы сарып ауруының алдын алу және оның көзін жоюға бағытталған іс-шаралар, жергілікті жердегі ветеринарлық қызметтің жүйелік мәселелері қаралды.


Сарып ауруының алдын алу шаралары туралы баяндама жасаған ветеринария бөлімінің басшысы Ербол Төлешов бірқатар түйінді сұрақтарға кеңінен тоқталып өтті. Оның айтуынша, ауыл шаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуының басты себебінің бірі – сарып аурына серологиялық зерттеудің шектелуі. Қазіргі уақытта Ветеринарлық Қағиданың №587 тармағына сәйкес зерттеу шектеліп отыр. 2016 жылға дейін нақты аула, отардағы зерттеу екі мәрте кері нәтиже бергенше жүргізіліп келсе, бүгінгі күні ауру анықталғанына қарамастан, аналық мал басы 2 рет – көктемде және күзде, бұқалар – жылына 4 рет, басқа мал – 1 рет зерттеледі. Бұл – малдардың күйлеу кезеңінде жаппай ауру жұқтыруына әкеліп соғады. Осы орайда, жиынға қатысушы тәжірибелі ветеринар мамандар ауру мал басы анықталған жағдайда нақты сол аула немесе табында зерттеу жұмысын екі мәрте кері нәтиже алынғанша жүргізу қажеттігі туралы ұсыныс айтты. Және де зерттеу жұмыстары әрбір 15-20 күн аралығында жүргізіліп отырғаны дұрыс.
Сонымен бірге, ветеринария бөлімінің басшысы қан үлгілерін іріктеу және жеткізу мәселесінде кезігетін қиындықтар, сарып ауруын полимеразды тізбекті реакция арқылы растау жоспарының аздығы, ауыл шаруашылық жануарларының аса қауіпті жұқпалы ауруларына қарсы шектеу шараларын қолдану тәртібі сынды сұрақтарды тілге тиек етті. Сөз соңында сарып аурына шектеу қою клиникалық (аборт), серологиялық (жоғары инфекция жылдамдығы), эпизоотиялық деректер негізінде жүргізілсе деген ұсынысы айтылды.
Жиын барысында қатысып отырған білікті ветеринар мамандар, Сләмбек Мұқашев, Талғат Сарманов, Кенжебай Жакупбаев сынды ветеринария саласының тәжірибелі ардагерлері оңды ұсыныстарымен бөлісіп, ветеринариядағы кемшін тұстарды ортаға салды. «Бруцеллезге қарсы вакцинация жұмыстарын дұрыс әрі сапалы жүргізу істің нәтижелі болуына кепіл», - дейді осы саланың майталманы Сләмбек Насырбайұлы. Ветеринарлық Қағидаға сәйкес сарыпқа қарсы иммундау жануарлардың иесі есебінен жүзеге асырылады. Демек, әрбір малдың иесі вакцинаны өзі таңдап, өзі сатып алады және оны жануарға қолданады. Жеке қаражат есебінен сатып алғандықтан мал иесі вакцинация жүргізгені туралы ешкімнің алдында есеп бермейді. Сондықтан да, ветеринарияның басты қағидасы бұзылады – ол вакцинация алған мал басының қатаң есепке алынуы. Мамандар тарапынан бұл мәселені шешу үшін ауыл шаруашылық жануарларын вакцинациялау қатаң тәртіппен, тексерілген вакцинамен жүзеге асырылуы тиіс деген ұсыныс естілді.
Сарып ауруының ауданда өршіп тұруына тағы бір себеп – қаңғыбас иттердің көбейіп кетуі. Иесінің қарауынсыз, көшеде өз бетімен қаңғып жүрген иттер сарып және де басқа да жұқпалы ауру тасымалдаушылар болып табылады. Ендігі уақытта әрбір ауладағы иттерді есепке алып, оның әрқайсын сарып ауруына зерттеу қажеттігі туындап отыр.
Ветеринарлық қызмет көрсететін ұйымдардың жұмыс жүйесіндегі түйінді мәселелер де аз емес. Бұл тұрғыда келтірілген мысалдар мен айтылған ұсыныстар аудан басшысының қолдауын тапты. Үш сағатқа жуық қызу талқылаумен өткен жиынды қорытындылай келе, аудан басшысы ветеринарлық сала жұмысын жандандыру керектігіне басты назар аударды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз