Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жолдар, жолдар! Сапарға шыққан адамға «Жолың болсын!» деп ізгі тілек айтамыз. Әр адам өзінің белгілі бір жұмысы мен ой-арманын жүзеге асыру үшін, немесе туған-туысын көруге, тағы басқа көптеген себептермен жолға шығады. Сол шаруаларды адамдар соқпақ жол, айырық жол, айдау жол, аспа жол, асу жол, темір жол, даңғыл жолдарға шығып тындыратыны белгілі. Қазіргі ғылым мен техниканың дәуірінде еліміздің, оның ішінде ауданымыздың экономикасы, жалпы, тірлігі үшін аса маңызды жол – күре жолдар.


Жолдарды ел экономикасының күретамыры деп бекер айтпайды. Аудан көлеміндегі жолдардың сапасы сын көтермейтіні көпшіліктің көкейіндегі түйінді мәселелердің бірі болатын. Ағымдағы жылы Көкпекті ауданының ауыл іші және ауыл арасындағы бірқатар жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгенін аудан тұрғындары көріп жүр. Осы тақырып және бұл жұмыстарға бөлінген қаражат жөнінде бізге «Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімі басшысының м.а. Қайрат Джилкишев айтып берді.
- Жол жөндеу жұмыстары аясында 2017 жылға аудандағы автомобиль жолдарына және көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау үшін жергілікті бюджеттен жалпы құны 81 287, 69 мың теңге қаражат жұмсалды. Тапсырыс беруші - «Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімі болып табылады. Рет-ретімен айтатын болсам, «Арсеналинвест» ЖШС мердігерлік ұйымы «Үлкенбөкен - Көкжайық» күрежолын 9 892,8 мың теңге, «Преображенка - Шұғылбай» автокөлік жолының «Теректі – Шұғылбай» учаскесін 5 000,127 мың теңге, «Тассай ауылына кіреберістегі» «Кленжыра» учаскесін 4 663,0 мың теңге, «Көкпекті - Биғаш» жолын 3 986, 8 мың теңге қаржыны игеріп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.
«Көкпекті жолдары» ЖШС «Көкжайық – Үлгілімалшы» автокөлік жолын 5 000,13 мың теңге, Көкпекті ауылындағы ұзындығы 0,46 шақырымдық Шериаздан көшесін 2 000,331 мың теңге, Қ.Аухадиев көшесі бойымен 0,852 шақырым жолды 9 994,013 мың теңге, Күшімбаев көшесі бойымен 0,65 шақырым қашықтықты 4 544,305 мың теңге және Көкпекті ауылының көшелеріндегі шұңқырларды тегістеуге 15 057 мың теңге қаражат жұмсап, ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтады.
Самар ауылындағы Бақыраев көшесіндегі ұзындығы 1,75 шақырым жолды ағымдағы жөндеу жұмыстарына 17 999,185 мың қаржы салып, «ЖҚБ -14» ЖШС мердігерлік жасаса, «Өскемен-Еңбек» ШЖҚ РМК мердігерлік ұйымы «Көкжыра ауылына кіреберістегі» жол жөндеуге 3 150,0 мың теңге ақшаға ағымдағы жөндеу жүргізді.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз