Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудандық әкімдікте № 1 сайлау округінің депутаты Дархан Бердібекұлы Дюсембаевтың төрағалығымен Көкпекті аудандық мәс-лихатының кезекті 15-сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов, мәслихат хатшысы Талғат Манапұлы Сарманов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандағы дербес бөлімдер басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, мекемелер мен кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.
Аудандық мәслихаттың кезекті 15 сессиясының күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Тұрғын, әлеуметтік, мәдени және әкімшілік-шаруашылық нысандардың жылу науқанына дайындығы туралы.


2. Азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттілік және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
3. Көкпекті және Самар ауылдық округі әкімдерінің есебі.
4. Аудан бойынша «Қазақстан-2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру туралы.
5. Әртүрлі мәселелер қаралды.
Сессияда қаралған бірінші мәселе бойынша Көкпекті ауданының ТҮКШ, сәулет, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Сержан Базарбаев баяндама жасады. Баяндаманы талқылауда депутат Е.Сихварт сөз алып, сұрақ қойды.
Сессияның күн тәртібіндегі екінші мәселе жөнінде халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттілігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы Е.Сихварттың баяндамасы тыңдалды.
Үшінші мәселе бойынша Көкпекті және Самар ауылдық округі әкімдерінің атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Ал, төртінші мәселе бойынша «Қазақстан-2020: болашаққа жол» Қазақстан Рес-публикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жүзеге асырылуы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Нұғыбаев баяндап берді. Сессияның соңғы мәселесі «2017-2019 жылдарға арналған Көкпекті ауданының бюджеті туралы» Көкпекті аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 9-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімінің орынбасары Алмагүл Жанахметқызы Әкімова айтып өтті.
Сессияда күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттардың ұсынысы бойынша аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып Айша Бикатова сайланды.
Сессияда қаралған мәселелер жөнінде тиісті шешімдер қабылданды.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз