Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жақында «Елім-ай» ЖШС-де Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Сиыр етін өндіру технологиясы және ірі қара мал бордақылауды қарқынды ұйымдастыру» тақырыбында семинар болып өтті. Ауыл шаруашылығы мамандары аталмыш жиыннан қандай артықшылықтар алғанын Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы директоры Әлия Мұқашева айтып берді.
- Аталмыш семинар 2 күн бойы өткізілді. 30 шаруа қожалығының өкілдері арнайы сертификатқа ие болды. Шаруашылық иелеріне дәріс беру үшін Астана қаласынан арнайы Жангелді Жарқымбаев келіп, аталған саладағы жаңа технологияларды жүзеге асыру бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Тыңдаушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы тұста жиын өтетін орынды ұсынған «Елім-ай» ЖШС-нің семинарға ерекше дайындығын атап өткім келеді.


Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өтетін мұндай семинарлардың еліміздің барлық өңірлерін қамтып өткізіліп жатқалы бірнеше жыл болды. Әр жиынның тақырыбы ауыл шаруашылығының нақты саласына арналады. Мәселен, былтырғы жылғы семинарда өсімдік шаруашылығы талқыланған болатын.
Әлия Орынбекқызының аудандық филиал ауыл шаруашылығын дамыту және кәсіпкерлік салаларында біліктілігін арттырғысы келетін әр адамға қолдау танытуға дайын екенін айтады. Таяуда «Аға сеньорлар» жобасын іске асыру жұмыстары басталады. Аталмыш бағдарлама аясында шаруашылық басшылары біліктіліктерін Канада, АҚШ және Германия сияқты елдерде көтеру мүмкіндігіне ие бола алады.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз