Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада Кәсіпкерлер палатасының Көкпекті аудандық филиалында іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға арналған «Жақсылық акциясы» өтті. Жақсылық жасауға асығып, қол ұшын созған жандардың алғашқысы болған Белое ауылының кәсіпкері Макфира Даутова акцияға 130 000 теңге көлемінде заттар берді.


Акция барысында ауданымыздың бірнеше аз қамтылған отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі балалар өздеріне және жақындарына арналған жаңа киімдер алды. Көкпекті ауылының тұрғыны Қарлығаш Байбусинова аталған игі шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. – Бүгінгі өтіп жатқан шара біздің кәсіпкерлердің адамгершілік қасиеттерінің белгісі деп білемін. Себебі, мейірім әр адамның жүрегінен бастау алып, үлкен жұмыстарды тындыра алатын алып күш. Көмек қолын қажет ететін отбасыларға бей-жай қарамай, осындай акция ұйымдастырып жатқан жандарға алғысым шексіз.
Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Ә.Мұқашеваның айтуынша, аталмыш акция үлкен жоспарлардың бастамасы ғана. Алдағы уақытта осындай шараларды ауданымыздағы барлық ауылдық округтерінде өткізу ойда бар. – Біздің Кәсіпкерлер палатасы филиалы іскер әйелдер кеңесімен бірігіп осы шараны қолға алғандағы басты мақсат – материалдық көмекке зәру отбасыларға қолдау көрсеті, шамамыздың келгенінше көмектесі болып табылады. Балаларға мектеп жабдықтары мен киімдерін табыстайтын «Мектепке жол» сияқты жыл сайынғы акциялардың жақын арада жұмыстарын бастайтыны белгілі. Дегенмен, бұл акцияда тек балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына да сай заттар бар екенін айтып өткім келеді. Көбіне балаларын мектепке даярлаған ата-аналардың өздеріне де киім-кешек алуға жағдайлары жетпей қалатыны рас. Сондықтан, аталмыш шараның оңды тұсы осы. Ауданымыздың барлық кәсіпкерлерін осы игі шарадан тыс қалмай, атсалысуға шақырамын, - дейді Әлия Орынбекқызы.


Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
           

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз