Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2012 жылдың жазында Новостройка ауылында ауданымыздың барша бүлдіршіндерінің қуанышын еселеп, Миролюбовка ауылы орта мектебінің негізінде ашылған «Балауса-2» балажайы бүгінгі күнде де демалушы балалардың көңіліндегісін тауып, олардың жаздың күндерін жарқын сәттермен өткізулері үшін белсенді жұмыс жасап отыр.
Айымыз оңынан туып, біз Ертегілер әлеміне арналған сахналандырылған көріністер шарасының үстінен түстік. 3 топқа бөлінген балалар барлығына таныс, сүйікті ертегілерін жаңа ағымға сай өзгертіп, назарға ұсынуда екен. Барлығымен бірге сүйсіне қошеметтеп отырып, олардың ойының ұшқырлығына, кейіпкерлерін сомдаудағы дарындылықтарына таңдай қақтық. Бұл шара балажайда өткізілген жалғыз мереке емес.

Оны бізге шаттықтарын жасырмаған балалар таласа-тармаса өздері айтып берді. Әр күн олардың ой-өрісін кеңейтуге, қимыл-қозғалыстарын көбейтіп шынықтыруға, топ болып жұмыс істеуге баулитын қызықты іс-шаралармен ерекшеленіп отырады. Бір-бірін баяғыдан танитын жақын достарға айналған балалармен үш тәлімгер (бір аға тәлімгер), дене шынықтыру және суда жүзу бойынша нұсқаушылар жұмыс істейді. Сонымен қатар, демалушылардың денсаулығына жауапты мейірбике бар.
- Бұл жер біздің жас өркендеріміздің өздерін барынша ер-кін, қамсыз сезінетін орындары. Сол се-бепті біз олардың де-малыстарының әр күндерін қызықты сәттерге толтырып өткізуді мақсат етеміз. Балажай 19 тамызға дейін 5 ауысымда жұмыс істейтін болады. Әр ауысымда 40 баладан болады деп күтілуде. Дәл қазіргі уақытта жазғы демалысын өткеріп жатқан екінші ауысымның балалары. Барлығы да балажайдың ұнайтынын, тіпті, кеткілері келмейтінін айтады. Демалыстың он күніне бір бала 10 мың теңге төлейді. Дегенмен, аз қамтылған және көп балалы отбасының балаларына жолдама тегін, - дейді балажай директоры Райхан Ырысты.
Айта кеткеніміз жөн, былтырғы жылы балажай балғындарына арнап автобус сатып алған болатын. Ал, директордың жұмыс кабинетінде балажайдың барлық аумағын көріп отыруға мүмкіндік туғызатын 7 бейнебақылау камералары орналасқан. Бұл да болса, балалардың қауіпсіздігі үшін жасалғаны анық. Көңілдерінде кірбің жоқ, кіршіскіз балалар болса әр кеш сайын есік алдында гитараға қосылып ән шырқап, әңгіме-дүкен құрады. өздерінің қалайша тез тіл табысып, достасып кеткендеріне таңданып та қуанып қарайды. араларында бірнеше жыл қатарынан келіп жүргендері де бар. Олардың айтуынша, демалыс кезеңінің ең қызғылықты да ғажайып шағы осы балажайда демалғандарға ғана сезіледі. «Мен биыл балажайға бірінші рет келдім. Алдағы уақытта тек өзім ғана емес, мектептегі достарыма да айтып, бірге келемін. Осында келгелі күнұзақ қолымыздан тастамайтын ұялы телефонның бар екенін де ұмыттық. Одан гөрі уақытымызды бір-бірімізбен жақынырақ танысып, әр сәтімізді бірге өткізуе бөлеміз. Менің бұл сөзіммен барлығы келіседі деп ойлаймын» - дейді Қ.Аухадиев атындағы орта мектептің оқушысы Әлімхан Төлеухан.
Осы балажайдың қызыққа толы бір күнін орталарында жүріп, бірге өткізгенде байқағанымыз балалар мен тәлімгерлер арасындағы ерекше жақын қарым-қатынас болды. Әр ойынға атсалысып, әзілдесіп, балаларды достарындай санайтын балажай қызметкерлері барлығын шын жүректен жасайтыны көрініп-ақ тұрды. Оған балалар мен тәлімгерлердің жүзінен қатар көрінген шынайы шаттық күлкісі, жаздың ұмытылмас жайдары күндері куә.


Бетті дайындаған:
Жансая СМАҒҰЛОВА
фото: Бақытбек ӘМІРҒАЗИНОВ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз