Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының әкімі Рамиль Саған-дықовтың аудан халқына есеп беру кездесуі жалғасуда. Қаңтар айының 24 күні аудан әкімі Белое, Құлынжон ауылдық округ тұрғындарымен кездесті. Жиынға аудан әкімі Р.Сағандықов, аталған ауылдық округ әкімдері және аудандық мәслихат хатшысы Т.Сарманов және облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ж.Сәрсебаев, тиісті бөлім, мекеме басшылары, сонымен қатар ауыл халқы қатысты.


Кездесу шымылдығын округ әкімі Мұхтар Жаңкебаев өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есепті баяндамасымен ашты. Өз есебінде ауыл әкімі округтің жалпы көрсеткіші, ауыл шаруашылығы, шағын кәсіпкерлік жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар, округ әкімі өз баяндамасында алдағы атқарылар міндеттерге жан-жақты тоқталып, жұртты мазалап жүрген кейбір мәселелердің мән-жайына да үңілді.
Күн тәртібі бойынша ауылдың учаскелік инспектор Р.Калиакперов те баяндамасын оқыды.
Сондай-ақ, аудан әкімі Рамиль Нығметжанұлы залда отырғандардан түскен сауалдарға жауап беру барысында бірден әр мәселенің мәнісіне үңіліп, мұқият тарқатып, шешілу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігінің жай-жапсарын егжей-тегжейлі түсіндіру арқылы өзінің аудан тірлігін бес саусақтай білетінін тағы бір мәрте байқатты. Уәжді жауапқа дау айтушылардың немесе түсінбестік танытушылардың болмауы, жиналғандардың аудан басшысының жұмысына бірауыздан «қанағаттанарлық» деген баға беріп, алдағы қызметіне сәттілік тілеуі аудан әкімінің іскерлігі мен жаңаша ойлайтындығын дәлелдеді.
Ал, аудан әкімі Рамиль Сағандықовтың Құлынжон ауылы тұрғындарымен болған есепті кездесуі пайдалануға жа-қында ғана берілген ауылдағы жаңа мектеп ғимаратында өтті. Кездесу барысында аудан әкімі 2016 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы мен болашақты бағамдайтын жоспары туралы кең көлемде есепті баяндамасын жасады. Құлынжон ауылдық округі, халқы жыл санап өсіп келе жатқан елді мекен. Округке Көкжыра және Құлынжон ауылдары кіреді. Жалпы халық саны 1501 адам. Округ әкімі Шәмшібану Шайырғазинаның жылдық есебіне қарағанда, округте жан-жақты өсім барлығы байқалады.
Күн тәртібі бойынша кезекті сөз учаске инспекторы Азамат Мүрсәлімовке берілді. Учаскелік инспектордың баяндамасы бойынша, 2016 жылы 3 қылмыстық жағдай тіркелген. Бұл былтырғы жылмен қарағанда 6 іске төменгі көрсеткіш. Әкімнің есепті баяндамасынан соң сауалдар легі ағытылды. Сауалдардың көбі, кооператив құрудың мәні мен мағынасы, интернет желісінің баяулығы төңірегінде болды. Елмен етене араласып, халық арасында жиі болған жағдайда билік басындағылар тұрғындардың тыныс-тіршілігін, оларды мазалаған мәселелерді жақсырақ түсінетіні белгілі. Ауданның дамуына түрткі болатын негізгі жұмыс ауыл әкімдерінің қолында. Олардың іскерліктері, ұйымдастырушылық қабілеттері әрі тиісті құжаттарды уақытылы өткізіп, қажетті қаржы бөлгізуге ұмтылыстары – ауыл халқының жағдайын жасаудың бірден-бір тетігі. Мұны да естен шығармаған жөн.
Гүлжазира Серғазинова, фельдшер Белое ауылдық округі:
- Бүгінгідей кезекті есеп беруге жыл сайын қатысып тұрамын. Ауыл әкімі жұмысына оң баға беремін. Қыста жолымыз уақытында тазаланып, тұрғындарға жағдай жасалып тұрады. Аудан әкімінің де жыл бойғы атқарған жұмыстары көңілге қонымды, мақтауға тұрарлық.
Гауһар Бибосынова, Амангелді орта мектебінің директоры:
- Елбасының тапсырмасына сәйкес бірнеше жылдан бері барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиындары өткізіліп келеді. Осынау маңызды саяси шара билік пен халық арасындағы байланыстың дәнекеріне айналды. Келелі басқосулар жергілікті жер-лердегі әлеуметтік түйіндердің дер кезінде шешілуіне ықпал жасады. Біздің округ те алға қарай қадам басып, жаңа қарқында дамып келеді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз