Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада Көкпекті ауданының әкімі Рамиль Сағандықов және Үлкенбөкен, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтердің әкімдері жергілікті тұрғындармен кезекті кездесуін өткізді. Кездесуге аудандық маслихат хатшысы Т.Сарманов, білім беру және дене шынықтыру спорт бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова және бөлім басшылары қатысты.
Үлкенбөкен ауылдық округ әкімі Нұрлан Назарханов өткен жылдың есебін беріп, келер жылы атқарылатын шаруалардың жоспарын жасады. Былтырғы жылы елді мекенде біраз шаруалардың түйіні тарқатылған. Соның бірі, ауылдық округтің «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында Үлкенбөкен ауылының Киров, Калинин көшелері және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, Республикалық трансферттен бөлінген қаражатқа Пушкин, Крупская көшелерінің жолдары ағымды жөндеуден өтуі. Киров көшесіне жарық шамдары орнатылса, Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімшілік ғимаратының төбесі жөнделіп, қасбеті жаңартылды. 2017 жылға округтің әкімшілік ғимаратына жылу беру жүйесін жүргізу, Почтовая көшесінің жолын жөндеу, Үлкенбөкен аулында шағын футбол алаңын салу жос-парлануда, - деді ауыл әкімі.


Ауыл әкімі Нұрлан Үмітқазыұлы округтің алдағы уақытта «Тіректі ауылдық елді мекен» қатарына қосылу мақсатында атқарылатын жұмыстарды айтып өтті. Сондай-ақ, аталмыш жиында жарыссөзге шыққан ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б.Нұғыспаев:«Ауылда біршама жұмыстар атқарылды, әлі де жалғаса беретініне сенімдіміз» деген ойын білдіре отыра, ауыл мен зират басына баратын жолдың жөнделуін сұрады. Ал, жарыссөзге шығып сөйлеген ауыл тұрғыны Р.Нұрғалиева да ауыл әкімінің жұмысына оң баға беріп, қазіргі таңда өзекті болып тұрған кооператив құру мәселесінің халыққа берері көп екенін және өзінің осы жұмысты қолға алғанын тілге тиек етті.
Тұрғындар көкейде жүрген сауалдарына көңіл көншітерлік жауаптарын алды. Аудан, ауылдық округ әкімінің жұмысына разы болған үлкенбөкендіктер алғыс айтып, ақсақалдар батасын беріп тарқасты.
Түс ауа аудан әкімі Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округіне ат басын тіреді. Күн тәртібіндегі мәселе бо-йынша ауыл әкімі Дәурен Қойгелдиннің есебі тыңдалды. Баяндамада ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы айтылды. Баяндамадан кейін шығып сөйлеген ауыл тұрғыны, зейнеткер ұстаз бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы Таисия Шнайдер округте өтіп жатқан игі істер мен кеңес жұмысы жөнінде толық мағлұмат берді.
Мұнда есеп берген учаскелік полиция қызметкерін аудан басшысы қатты сынға алды. Жыл бойына ауыл тұрғындары арасынан 31 құқықбұзушылық орын алып 146 хаттама толтырылған. Қылмыстардың көбі маскүнемдікке қатысты. Осыны естіген аудан әкімі учаскелік полиция инспекторы Б.Бишуақовқа ескерту жасап, ыждаһаттылықпен, жастық жалынмен нәтижелі жұмыс жасауды тапсырды. Ал, аудан әкімі өзінің есепті кездесу барысында ауданның есепті мерзімдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тұрғындар арасында насихаттау, түсіндіру мақсатында атқарылған жұмыстар туралы, республикалық және жергілікті бюджеттен бөлініп, игеріліп жатқан қаржылар, ауылда салынып жатқан құрылыс объектілері жөнінде кеңінен баяндады. Баяндаманы талқылауға тұрғындар қатысты. Олар әкімнің жұмысына оң баға бере отырып, болашақта ауылды дамыту жөнінде өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Осымен аудан әкімінің кестеге сай екі ауылдағы сапары аяқталды.
Эльмира Түсіпбаева, медбике, Қ.Аухадиев атын-дағы ауылдың тұрғыны:
- Ауылдық округ әкімінің жұмысына оң баға береміз. Жылдан-жылға ауыл келбеті жақсаруда. Округте іс жүзіне асып жатқан шаруаның барлығы халық игілігі үшін атқарылатыны рас.
Саятжан Ізғұттинов, ұстаз, Үлкенбөкен аулының тұрғыны:
– Аудан әкімінің есебі өте жоғары деңгейде, мазмұнды да әсерлі өтті. Әкімнің осы қызметке мұң-мұқтажы көп аудан тұрғындарының жағдайын тереңнен ойлай келгені, баяндамасының жан-жақтылығы, көп мәселелерді дөп басқан жігерлі жоспарлары, азаматтық ой-өрісінің биіктігі көңілімізден шықты.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз