Бастаушы ауылдық округіне қарасты екі ауыл бар. Қазақи қаймағы бұзылмаған бұл өңірдің тұрғындары да ешқайда қоныс аудармайтын, өмір бойы осында ұрпағын өрбітіп, малын мыңғыртып, егінін егіп, ауылын жайнатып, қазанын қайнатып отырған нағыз патриоттар. Ауылда өскен жастары да мамандық алған соң, елге оралып, туған ауылдарына қызмет етуді абырой санайды. Солардың бірі осы округ әкімі Айнұр Отаршина. Қаршадай кезінен бастап ел алдында өскен ол, өзінің табиғи ынталылығы, жігері мен біліктілігі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін тәрбиесінің арқасында ауылына басшылық жасауға лайықты деп танылды.
- Мен шынымды айтсам, кереметтей жүрексіндім. Бірақ ауылдастарымның, үлкен ағаларым мен апайларымның сыныптастарым мен қатар құрбыларымның қолдау көрсетуінің арқасында келісімімді бердім. Енді міне, бүкіл ауыл тұрғыны бірлесе отырып, қызмет атқарып жатырмыз, - дейді Айнұр Баянғалиқызы. – Біздің жұмысымызда басшылыққа алатын басты бағдарлама «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» болып отыр. Қазіргі күні бұл бағдарламаның 98-қадамында атап көрсетілген: «Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады», - деген тармағы бізде қарқынды жүзеге асып жатыр деуге болады.
Салықтың бірнеше түрі бойынша жиналатын қаржы 1,5 млн-нан астам соманы құрайды. Бұл қаржы біздің екі ауылды абаттандыру, санитарлық шараларды орындау, ауыл көшелерін қардан тазалау сияқты ішкі жұмыстарға қолданылады. Ал өңірді дамыту бағдарламасы бойынша біз қазір ауыл көшелерін жөндеп жатырмыз. Биыл Көкжота ауылына баратын жолда тегістеу, тас төсеу жұмысы атқарылды. Сонымен бірге Көкжота ауылында ең шеткі Абай атындағы көше жөнделе басталды. Мердігердің өз міндетін дұрыс атқармауы және ауа райының қолайсыздығынан жұмыс мерзімінде аяқталмай отыр.
«Әкім біреу - халық тіреу», - дегендей, ауылдық округ әкіміне қол-даушылар көп. Бастаушылық жастар да өздері бастама көтеріп, барлық жұмысқа құлшына кіріседі. Мұнда ұйымдастырлатын мерекелер де қалыптасқан дәстүр бойынша әр жылдарда мектеп бітірген түлектердің демеушіліктерімен өтеді. Ауылдық ок-ругте табысты еңбек етіп жатқан 71 шаруа қожалығы мен бір ЖШС еселі еңбек үдесінен шығып, ауыл экономикасын көтеруге зор үлес қосуда.
Олар ауылдағы атқарылатын қатты-қайырым жұмысты да өз міндеттеріне аған. Мысалы, «Тілек» шаруа қожалығының басшысы Әділбек Құрманғалиев қыста қар жауа сала, өз бетімен ауыл көшелерін тазалауға шығады.
Ол бұл жұмысты ешқандай ақы-пұлсыз атқарады. Жалпы ауылда жұмыссыз ретінде тіркелген адам жоқ. Биыл «Өрлеу» бағдарламасы бойынша бір адам тіркелді, ол өзінің жеке шаруасын өркендетуге күшін салып жатыр. Жер телімдері тізілімнен өткен, мүлікті жария ету жұмысы да аяқталды. Барлық дерлік меншік нысандары құжатталды.
Ауылда шешімі күрделі мәселелер де бар. Былтыр ғана бастаушылықтардың алты жасар баласынан, алпыстан асқан қариясына дейін қуанышқа бөлеген мектеп құрылысының тоқтап қалуы өкінішті болып тұр. Ауыл ішіндегі туындаған мәселелерді бірлесе шешіп үйренген ауыл тұрғындары жоғарғы жаққа бірлесіп хат жолдаса да, мәселе әлі күнге орнынан қозғала қоймады. «Біздің ендігі бар үмітіміз облыс басшысында, өйткені облыстық бюджеттен қаржы бөлу тоқтатылғанына байланысты құрылыс тоқтап қалды», - дейді округ әкімі.
Тіршілік жалғасып жатыр. Ауыл тұрғындары шөп орағына дайындалуда, жауын басылса, шалғылар пішендікке аттанады. Мал басы жыл сайын көбейіп, халықтың әл-ауқаты артуда. Ауыл тұрғыны үшін одан артық не керек, жалпы ауылдықтар ешқандай да дағдарыстан қаймықпайтын адамдар.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.