Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жеке басына туындаған мәселелері бойынша кірер есігі қалмай, тауы шағылған адам енді қайда барамын деп ойланады. Біреулері қолын бір сілтеп, жылы жауып қойса, бірі ең соңғы үмітім деп, аудан әкімінің алдына баруды жөн санайды. Қазіргі күні аудан әкімінің қабылдауына кіру аса қиын шаруа емес.
2016 жылдың 12 шілдесінде аудан әкімі Р.Н.Сағандықов Самар ауылында азаматтарды жеке шаруаларымен қабылдады. Ауыл тұрғындарының қойған сауалдарының басым көпшілігі тұрғын үймен қамтамасыз ету, мүгедек балалар мен тұрмысы төмен отбасыларына материалдық көмек сұрау болып келеді.


Қабылдау барысында Самар ауылының аэропорт аумағының тұрғындары мал жайылымының жетіспеушілігі, мал жаю ақысының қымбаттығы мен табында бұқаның жоқтығы, бақташылардың мал иелерімен шарт жасаспайтыны, малға жауапкершіліктің жоқтығы сияқты бірқатар мәселелер айтылды. Ауыл азаматтарының са-уалдарын тыңдаған аудан басшысы сұрақ негізінен ауылдық округ әкімшілігі құзырында шешілуі тиіс деп атап өтті.
Самар ауылының тұрғыны зейнеткер М.Қойшыбаев ауданаралық аурухананың қызметкерлеріне шағымданды. Оның айтуынша, медицина қызметкерлері кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету аясында оған облыстық ауруханаға тиісті дәрігерге жолдама бермеген. Ақыры өзі коммерциялық дәрігерге көрініп, ота жасатып, аман қалыпты.
Аудан басшысының ауылдық кездесуі ашық әңгіме түрінде өтті. Азаматтардың барлық сауалдары мен арыз-тілектеріне тиісінше жауаптар қайтарылып, оның бірқатары аудан әкімінің бақылауына алынды.


Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз